Иллинойс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
АҚШ штаты

Иллинойс
ағылш. State of Illinois

Иллинойс туы Иллинойс мөрі
Иллинойс туы Иллинойс мөрі
АҚШ картасындағы Иллинойс штаты

Штат ұраны

Штаттың егемендігі, халық бірлестігі

ағылш. State sovereignty, national union

Штат лақапаты

Линкольн жері (Land of Lincoln); Прерия Штаты (The Prairie State)

Астанасы

Спрингфилд

Ең ірі қаласы

Чикаго

Тұрғыны

12,869,257 млн (2011 жыл)
5-ші орын (АҚШ б-ша)
- тығыздығы
89.4 адам/км²

Ауданы

- барлығы
149,998 км²
- су беті
5,981 км² (4.0/Negligible %)
- ендік
36° 58′ с. е. бойынша 42° 30′ с. е., 340 км
- бойлық 87° 30′ б. б. бойынша 91° 31′ б. б., 629 км

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігі Чарльз Моунд 376.4[1] м
- орташа биіктігі 180 м
- минимал биіктігі
85 м

Губернаторы

Pat Quinn (дем. партия)

Вице-губернаторы

Sheila Simon (дем. партия)

Заң шығару органы

Генералды Ассамблея
- жоғарғы палатасы Сенат
- төменгі палатасы Өкілдер палатасы

Сенат мүшелері

Дик Дурбин (дем. партия)
Марк Кёрк (рес. партия)

Уақыт белдеуі

UTC−6,
жазда UTC−5

Ресми сайты:

www.illinois.gov


Иллинойс (ағылш. Illinois, /ˌɪlɨˈnɔɪ/) (қаз. оқылуы Илиной) — Америка Құрама Штаттарының орталық батысындағы штат. Алып жатқан аумағы бойынша 25 орында - 149 998 км², тұрғындар саны бойынша 5 орында. АҚШ Халық санағының бюросының ақпаратары бойынша, 2011 жылы халық саны 12 869 257 адамға жетеді. Штат астанасы - Спрингфилд, ең ірі қаласы - Чикаго, қалған ірі қалалар - Аврора, Рокфорд, Джолит.

Иллинойс - француздық католиктік миссионерлер мен зерттеушілер Иллинойстың таза американдықтарына берген атауының қазіргі жазылымы. Бұл атау бұрынғы жазбаларда әртүрлі жазылған[2].

Символикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Туы мен таңбасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазіргі Иллинойс туында 181 жылы АҚШ-тың үлкен таңбасы қарап жасалған Иллинойс таңбасы бейнеленген.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Көрші штаттар
Солтүстік-батыс:
Айова
Айова
Солтүстік:
Висконсин
Висконсин
Солтүстік-шығыс:
Мичиган көлі
Батыс:
Айова

Миссури (штат)

Айова,  Миссури
Шығыс:
Вайоминг
Вайоминг
Оңтүстік-батыс
Индиана
Индиана
Оңтүстік:
Кентукки
Кентукки
Оңтүстік-шығыс:
Кентукки
Кентукки

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Иллинойстың 102 административті округінің картасы

Административті Иллинойс 102 округке (ағылш. counties) бөлінеді. Оның 85-і тауншипке бөлінеді. Жалғыз ерекше бірде-бір тауншипке кірмейтін қала - Чикаго қаласы. Басқа 17 округ 261 арнайы ауданға (ағылш. precincts) бөлінеді[3]. Муниципалиттер болып қалалар (ағылш. towns), ауылдар (ағылш. villages), біріккен қалалар (ағылш. incorporated towns) саналады.

Заңмен орнатылған қаланың ең кіші халқы – 2500 адам. Ауыл үшін бұл сан округтің аумағына және басқа да критерияларға байланысты. Ең аз дегенде 25000 адам тұратын қала автоматты түрде өзін-өзі басқаруға (ағылш. home-rule) құқық алады[4].

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Инвестициялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2016 жылы венчурлы капиталисттер АҚШ экономикасына жалпы есеппен 62 миллиард доллар құйды. Осы сомма ішінен 1,1 миллиард доллар Иллинойсқа құйылды. Тура солай 2016 жылы федералды үкімет 461 миллиард доллар АҚШ-тағы контракттарға құртты. Бұл соммадан Иллинойстағы компаниялар шамамен 8,7 миллиард алды[5].

Атомдық энергия

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Оул округіндегі Байрон атом электростанциясы.

Иллинойстағы энергетика тарихы 1942 жылы Энрико Фермидың бастауымен Чикаго университетінде Чикаго Пайл-1-де, өздігінен шынжырлы реакция жасай алатын бірінші ядерлы реактордың жасалғанын басталды. 2006 жылы жағдайда Иллинойста барлығы 6 атом электростанциясы бар. Егер бір реакторлы «Клинтон» станциясын санамаса, олардың әрқайсында екі реактор орналасқан[6]. Қазір Иллинойс АҚШ-тың жалпы атомдық энергиясының 12%-ын өндіреді, бұл кез келген штаттан көбірек[7].

Иллинойс орта батыс аумағында мұнай өңдеуші штат болып саналады. Штатта күніне шамамен 900000 баррель шикі мұнайды айдау бойынша жиынтық өнімділігі бар. Бірақ Иллинойста мұнай өте аз, АҚШ-та дәлелденген мұнай қорының 1% азырақ. Штаттың ішкі жылыту жүйесінің 81% Табиғи газды қолданады және 1% азырағы ғана мұнайды қолданады. 2005 жылғы жағдайда 28 000 баррель (4 500 м3) көлемінде мұнай күніне қазып, Иллинойс штаттардың арасында мұнай қазу бойынша 14 орын алады[8][9][10].

Иллинойс штатындағы қылмыстық құқық бұзушылық класс деп аталатын 6 санатқа бөлінеді. 4 класстық қылмыс ең жеңіл болып саналады. Одан кейін 3, 2 және 1 ілеседі. 5 класс X класс деп аталады және 6 классқа жататын аса ауыр қылмысты, бірінші дәрежелі кісі өлтіруді санамаса ол ең ауыр қылмыс болып саналады. Иллинойс өлім жазасын жазалар тізімнен алып тастаған 16 штат болды, бірақ ода қылмыстық құқық бұзушылық үшін өмір бойға бас бостандық алынуы мүмкін.

Иллинойстағы шамамен барлық жоғарғы лигадағы спорттік командалар Чикагода орналасқан. Олардың ішінде:

Соған қоса штатта көптеген Чикагода және одан басқа қалаларда кіші деңгейлік командалар бар. Иллинойстың автобандарында NASCAR[11], Champ car және Indycar[12] ұйымдастырған автоколік жарыстары өткен.

Штатпен байланысты әйгілі адамдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

АҚШ президенттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Авраам Линкольн — АҚШ-тың 16 президенті (1861-1865). Кентуккида туылған, Иллинойсқа 21 жасында көшіп келген. Иллинойстың генералды ассамблеясының өкілі және Иллинойстың жетінші округінен өкілдер палатасының мүшесі болған[13].

Улисс Грант — АҚШ-тың 18 президенті(1869-1877). Огайода туылып, әскер болған, бірақ Азаматтық соғыстың алдында Иллинойсқа көшіп, осы штаттан президенттікке үміткер болды[14].

Рональд Рейган — АҚШ-тың 40 президенті. Иллинойста туылған жалғыз президент[15]. Саяси мансабын Калифорнияда бастап сол штаттың губернаторы атанып, президенттікке үміткер болған.

Барак Обама — АҚШ-тың 44 президенті. Гавайи штатында туылған. Кейін Иллинойс штатына көшіп келіп, сол жерден президенттік сайлауға үміткер болған[16].

Басқада саясаткерлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хиллари Клинтон - Чикагоның маңыңда туып өсті[17]. Ол жалпы халықтық президенттік сайлауда үлкен саяси партияның атынан шыққан алғашқы әйел болды. Клинтон Нью-Йорк штатынан үміткер болған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Elevations and Distances in the United States. United States Geological Survey (2001). Тексерілді, 21 қазан 2011. (ағыл.)
  2. Fay, Jim Ilinois, Illini and Liniouek. The Illinois Prairie Information Page (May 11, 2010).
  3. Individual State Descriptions: 2007, 2007 Census of Governments, АҚШ санақ бюросы, 2012 жыл қарашасы, pp. 89–97, http://www2.census.gov/govs/cog/isd_book.pdf, retrieved 2015 жыл 25 мамыр  (ағыл.)
  4. Census 2007. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2015 жыл 16 қараша. Тексерілді, 2015 жыл 16 қараша. (ағыл.)
  5. Pradhan, Nitin Illinois—Want to be a Pioneer in Growing Companies, Jobs, and Competitiveness? (August 28, 2017). (ағыл.)
  6. United States Department of Energy. Illinois Nuclear Industry Мұрағатталған 9 қарашаның 2004 жылы.(ағыл.)
  7. Illinois — Profile Overview. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2015 жыл 16 мамыр. Тексерілді, 2015 16 мамыр.  (ағыл.)
  8. United States Department of Energy. Petroleum Profile: Illinois Мұрағатталған 8 қазанның 2009 жылы.. Retrieved April 4, 2006. (ағыл.)
  9. Illinois—U.S. Energy Information Administration (EIA). Eia.gov (April 19, 2012). (ағыл.)
  10. United States Department of Energy. Petroleum Profile: Illinois(ағыл.)
  11. Intermediate track hosts opening event of 10-race Chase in September. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2015 жыл 16 шілде. Тексерілді, 2015 жыл 16 шілде. (ағыл.)
  12. Chicagoland Speedway. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2015 жыл 16 қараша. Тексерілді, 2015 жыл 16 қараша. (ағыл.)
  13. Хозяева Белого дома – Власть – Коммерсантъ.(қолжетпейтін сілтеме) (орыс.)
  14. White McFeely — Б. 65–66. (ағыл.)
  15. Main Street Historic District, National Register of Historic Places Nomination Form, Illinois Historic Preservation Agency (April 1, 1982). (ағыл.)
  16. Хозяева Белого дома – Власть – Коммерсантъ.(қолжетпейтін сілтеме) (орыс.)
  17. O'Laughlin, Dania Edgewater Hospital 1929–2001. Edgewater Historical Society (Summer 2003).