III Ричард

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ричард III
ағылш. Richard III
III Ричард
Ричард III
Лауазымы
Ту
Ту
Англия королі
26 маусым 1483 жыл — 22 тамыз 1485 жыл
Тәж кигізу жорасы 6 шілде 1483 жыл
Ізашары Эдуард V
Ізбасары Генрих VII
Ту
Ту
Англия лорд протекторы
Ту
Ту
9 сәуір 1483 жыл — 26 маусым 1483 жыл
Өмірбаяны
Діні католик
Дүниеге келуі 2 қазан 1452 (1452-10-02)
Фотерингей қамалы, Нортхемптоншир
Қайтыс болуы 22 тамыз 1485 (1485-08-22) (32 жас)
Босуорт түбіндегі шайқас
Жерленді Лестер соборы
Династия Йорктер
Әкесі Ричард, Йорк герцогы
Анасы Сесилия Невилл
Жұбайы Анна Невилл
Балалары Эдуард Миддлгем
Джон Глостер (некесізден туған)
Катерина Плантагенет (некесізден туған)
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
Ричард III Ортаққорда

Ричард III (ағылш. Richard III; 2 қазан 1452, Фотерингей қамалы22 тамыз 1485 Босуорт даласы) — 1483 жылдан бастап Йорк әулетінен шыққан Англия королі, Плантагенеттердің ерлер желісінің ағылшын тағындағы соңғы өкілі. Босуорт шайқасында (1485) жеңіліп, өлтірілді. Шайқаста қаза тапқан Англияның үш патшасының бірі (1066 жылы Гастингс түбінде өлтірілген Гаролд II мен Арыстан жүрек Ричард I).

Балалық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ричард 1452 жылы 2 қазанда Нортхемптонширдегі Фотерингей қамалында дүниеге келген. Ричард Алқызыл және Ақ раушандар соғысы кезінде ағылшын тағына таласқан Плантагенет әулетінің екі тармағының бірі - Йорк әулетінің өкілі болған. Ол Йорк герцогы Ричард пен Сесилия Невиллдің он бірінші баласы және төртінші ұлы. Бала әлсіз және ауру болды. Осы уақытта Ричард Йорк пен Генрих VI арасындағы қарым-қатынастардың тағы бір шиеленісуі орын алды, сондықтан баланың ата-анасы уақыттарының көп бөлігін Уэльстің шекарасында, Ладлоу мен Вигмор қамалдарында өткізді, кейде қысқа уақытқа Нортхемптонширге келіп-кететіп жүрді.

Ричард III билік еткен уақыты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]