Ұлы тоқырау

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жұмыс үйі сыртында кезектерін күтіп жатқан жұмыссыздар, Лондон

Ұлы тоқырау (ағылш. Great Depression) — 1929 жылы басталып 1939 жылға дейін созылған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс. Дағдарыстан шығу әлемде 1945 жылға дейін созылды. Сондықтан 1930-жылдары жалпы Ұлы тоқырау жылдары деп аталады.

АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия және Франция сияқты елдерде ұлы тоқыраудың әсері өте күшті сезілді, бірақ басқа мемлекеттерді де қамтыды. Әсіресе өнеркәсібі дамыған қалаларға тиген зияны көп болды. Кейбір елдерде құрылыс саласы толығымен тоқтап қалды. Төлеу қабілеттілігінің төмендеуіне байланысты ауыл шаруашылығы өнімдері 40—60 % төмендеп кетті. Орыс тілінде «Ұлы тоқырау» термині АҚШ экономикалық дағдарысына байланысты жиі қолданады.Осыған паралельді әлемдік экономикалық дағдарыс термині де қолданады

Ұлы тоқыраудың алдында 1929 жылы АҚШ–та Биржа күйреуі болды. 1929 жылы 24 қазанда «қаралы бейсенбі» күні акциялар бағасы күрт құлады, 25 қазан күні қысқа мерзімге аздап көтерілгенмен әрі қарай апатты ауқымды «қаралы дүйсенбі (28 қазан) мен «қаралы сейсенбі» (29 қазан ) күндеріне айналды. 1929 жылдың 29 қазан күні —Уолл-стритте биржа күйреуінің күні әкелді.

Экономистер Ұлы тоқыраудың себептері туралы біртұтас пікірге келе алмады. Ол туралы әр түрлі теориялар орын алған, топшалау бойынша, тегі экономикалық дағдарыстың пайда болуына әр-түрлі факторлардың жиынтығы әсер еткен болуы тиіс.

1. Кейнсиа́ндық түсініктеме — ақша массасының тапшылығы. Ол кезде ақша алтын қорына тікелей байланысты еді, ол ақша массасын тежеп отырды. Сол кезеңде өндіріс өркендеп өсті, ғасырлар тоғысында тауарлардың жаңа түрлері пайда бола бастады. Мысалыға автомобиль, ұшақтар, радио сияқты түрлері. Тауарлар саны жалпы өнімі, сол сияқты ассортименті бойыншада бірнеше есеге өсті. Соның салдарынан ақша массасының тежелуімен тауар массасының өсуі күшті дефляцияға – бағалардың күрт түсуіне әкелді. Бағалардың күрт түсуі— қаржы тұрақсыздығына, көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына, несиелердің қайтара алмауына әкеп соқты.Қуатты мутипликативтік әсер өркендеп келе жатқан салаларға да әсерін тигізді.

2. Монетари́зм — дағдарыс (ФРС) Федеральдық резерв системасының ақша саясатының кесерінен болған.

3. Маркси́змкапитализмге тән кезекті артық өндіру дағдарысы.

4.Биржалық көпіршік - өнеркәсіпке аса нақты қажеттіліктен артық инвестиция құю.

5.Халық санының шапшаң өсуі. Отбасыда балалардың көп болуы (орташа алғанда бір отбасыда 3-5 бала), ауыл шаруашылығы өндірісі саласына тән еді. Медицинаның алға басуы, уақытша халықтың жағдайының түзелуі халықтың ауырудан табиғи кемуін азайтты.

6.Ұлы тоқырауға әкелуші себептердің бірі деп 1930 жылы қабылданған Смута — Хоули заңы деп те есептейді. Ол бойынша импорттық тауарларға жоғары кедендік баж салынды,солай ішкі өндірушілерді қорғалды. Ішкі өндірушілерді осы тәсілмен қорғау үшін үкімет импорттық арзан тауарлардың бағасын өсірді. Бұл халықтың онсыз да төмен сатып алу қаблеттілігін тіпті нашарлатып жіберді. Басқа елдер Америка экспортерлерін қорғау мақсатында қарсы шаралар қолдануға мәжбүр болды Тек қана 30-шы жылдары өзара сауда келісімдері туралы заңы күшіне енгесін ғана кедендік баж салығы төмендеп, халықаралық сауда қалпына келе бастады. Бұл әлемдік сауданы қалыптастырып, әлемдік экономикаға оң әсерін тигізе бастады.

7.Бірінші дүниежүзілік соғыста Ұлы тоқыраудың себебі болды. Сол кездегі Американың экономикасы үкіметтің әскери тапсырмаларына негізделген еді,ал соғыс бітісімен тапсырма бірден азайды, ол елдің әскери өндірісінімен онымен жапсарлас экономика секторының құлдырауына әкеліп соқты.

8. Маржиналь заемдары. Заемның мәні қарапайым— компания акцияларын жалпы құнының небәрі 10 % төлеп сатып алуға болады. Мысалы: бағасы 1000 доллар тұратын акцияны 100 долларға сатып алуға болады. Несиенің бұл түрі 20-шы жылдары әйгілі болды, себебі бәрі акциялар нарығына қатысатын. Несиенің бұл түрінің бір қулығы бар. Брокер кез-келген уақытта қарызды қайтаруды талап етуі мүмкін, оны 24 сағат ішінде қайтару керек. Бұл маржалық талап деп аталады, әдетте ол несиеге алынған акциялардың сатылынуына әкеледі.1929 жылы 24 қазанда Нью-Йорктің маржалық несие берген брокерлері,қарыздарды жаппай қайтаруды талап етті. Барлығы маржалық несие төлемеу үшін бірден акцияларынан құтыла бастады. Маржалық талаптардың бірден төлеу қажеттілігі банктерде ақшаның жетіспеушілігіне әкелді, олар да ұқсас жағдайда болатын(банк активтері бағалы қағаздарға салынған еді, олар тез арада сатуға мәжбүр болды). Осы жағдай он алты мың банкті құрдымға кетірді, ол халықаралық банктерге бәсекелестерін сатып алуға мүмкіншілік берді, ал Американың алпауыт компаниялары өте арзан бағамен сатыла бастады.Қоғам толығымен жұрдай болғанда, Федералдық резервтің банкирлері АҚШ алтын стандартының күшін жоюға шешім қабылдады. Осы мақсатпен АҚШ барлық қалған алтынды жинап алды. Дағдарыстың салдарымен күресуді желеу етіп АҚШ халықтың алтынын конфискациялады.

1. Өндіріс XX ғасырдың басы деңгейіне дейін төмендеп кетті,яғни 30 жыл кейін шегінді;

2. Нарықтық экономикамен дамыған индустриальді елдерде жұмыссыздар саны 30 млн. жеттi;

3. Фермерлермен ұсақ саудугерлердің,орта таптың өкілдерінің жағдайы төмендеді. Олардың көбі кедейшіліктің шегіне жетті;

4. Бала тууы кенеттен төмендеп кетті. АҚШ аумағында 25%-дан 90 %ға дейін балалар аштықтан азап шекті;

5. Коммунистік, оңшыл экстремистік (фашистік) партиялардың жақтаушылары көбейіп кетті. Мысалы Германияда үкімет басына Национал-социалистік неміс жұмысшылар партиясы)келді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

http://www.inliberty.ru/library/study/565/

http://www.demographia.com/db-uspop1900.htm

http://expert.ru/expert/2009/01/zagadki_epohi_dzhaza/ Мұрағатталған 2 маусымның 2014 жылы.

http://www.hrono.info/dokum/1934vkpb17/1_2_1.php

http://www.federalreserve.gov/Releases/h6/discm3.htm

http://yarovoiy.ru/2008/09/17/velikaya-depressiya-v-ssha-i-defolt-1998-goda-v-rossii/