Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін медалі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалі
Мемлекет  Қазақстан
Түрі Медаль
Жағдайы беріледі
Негізделді 27 мамыр 2002 жыл

«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалі — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мекемелік марапаты. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандары мен мекемелік марапаттарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 27 мамырдағы № 882 Жарлығының негізінде белгіленді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 Жарлығымен медаль сипаттамасына өзгерістер енгізілді.

Ережесі[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері:

  • жеке адам мен қоғамның қауіпсіздігін конституциялық құрылысты, мемлекеттік егемендікті, аумақтық тұтастықты, мемлекеттің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуде жедел-қызметтік іс-қимылды шебер ұйымдастырғаны;
  • Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделерін қорғауда барлау, қарсы барлау және әскери операцияны (оның ішінде тергеуді) табысты ұйымдастырғаны, өткізгені және іске асырғаны; үкіметтік байланыспен сенімді қамтамасыз еткені;
  • күрделі арнайы техникалық іс-шараларды кәсіби өткізгені;
  • республиканың қауіпсіздік органдары үшін жоғары білікті кадрларды даярлағаны және қайта даярлағаны;
  • ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердегі жетістіктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік жұмысын қамтамасыз еткендігі үшін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері;
  • Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттерді шешуге қосқан үлесі және оны іске асыруға жәрдемдескені үшін марапатталады.

Сипаттамасы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2002-2012 жылдары[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2002 жылғы медалдің үлгісі

«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалі диаметрі 34 мм болатын алтын түсті металдан жасалған шеңбер пішінді келеді. Медалдың диаметрі биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеуі бар.

Медальдың жоғарғы жағында диаметрі 12 мм болатын көлемді стильдендірілген шаңырақ (үйді, мемлекетті білдіреді) орналасқан. Шаңырақ астында оның төменгі бөлігін жабатын қыранның бейінді стильдендірілген басы (үйді, халықты, мемлекетті қорғаушыны білдіреді) орналасқан. Қыран басының бейнесі көлемді етіп жасалған, оның өлшемдері 19х16 мм. Медалді сағат тiлi бойымен айнала «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» деген жазу жазылған. Әріптердің биіктігі 2 мм. Медалдің төменгі жағында қыран басы бейнесінің астында «Қазақстан» деген жазуы бар таспа орналасқан. Таспаның ені 4 мм. Әріптердің биіктігі 2 мм.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 44 х 32 мм, алтын түстес екі жолақшасы бар көктікен түсті жібек матамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Жолақтардың ені 3 мм. Жолақтар арасындағы қашықтық 10 мм, таған шеті мен жолақтардың аралығы - 9 мм. Тағанның төменгі бөлігі құлақшадан оңға және солға қарай бірдей тең алтын түстес зәйтүн бұтақтарымен көмкерілген. Бұтақтарда үш жемісі бар 4 зәйтүн жапырағы көрсетілген.

Тағанның артқы жағында алушының киіміне бекітуге арналған сәйкес құрылғы бар.

2012 жылдан бастап[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалі диаметрі 34 мм алтын (сары) түсті металл шеңберден тұрады. Медалдің айналдыра биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеуі бар.

Шеңбердің ортасында алтын (сары) түсті жеті доғал бұрышты сәулелердің негізіне орналасқан шығыңқы қырлы ұштары бар күрең қызыл (қою қызыл) түсті сәуленің эмалімен көмкерілген жеті ұшты жұлдыз бар. Жұлдыздың ұштары бойынша диаметрі 30 мм, қырларының ені 1 мм. Белгінің бет жағы жылтыр келеді.

Жұлдыздың ортасында — диаметрі 20 мм, көктікен (көк) түсті эмаль құйылған қалқан, оның ортасында диаметрі 14 мм, көгілдір эмаль құйылған алтын (сары) түсті шаңырақтың бейнесі орналасқан.

Қалқанды айналдыра мемлекеттік тілде: «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ҮЛЕСІ ҮШІН» деген жазу жазылған.

Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған. Медальдің бедері жылтыр келеді.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 44 х 32 мм, алтын (сары) түстес екі жолақшасы бар көктікен (көк) түсті жібек қатқыл таспамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Жолақшалардың ені 3 мм. Жолақшалардың аралығы 8 мм, таған шеті мен жолақтардың аралығы 9 мм. Тағанның төменгі бөлігі құлақшадан оңға және солға қарай бірдей тең алтын түстес лавр бұтақтарымен көмкерілген. Бұтақтарда төрт-төрттен лавр жапырағы бар.

Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады.

Тағы қараңыз[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]