Қайшы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қайшы
Хань династиясының көктемгі қайшылары (б.з.б. 206 — 220 жж.)

Қайшы — 1) тұрмыста, әр түрлі заттарды (мата, шүберек, шаш, т. б.) кесуге, қырқуға арналған құрал. Қайшының қос пышағы айқастырылып, ортасынан бекітіледі. Қайшы пышақтарының ұшы үшкір, екінші жағы ұстауға ыңғайлы болу үшін саусақтар сұғылатындай дөңгелек пішінді болып жасалады. 2) Техникада, пышақтарының жүздері кесу жазықтығында қарама-қарсы қозғалу арқылы металл бұйымдар мен дайындамаларды кесуге, қырқуға арналған қарапайым құрал не машина. Қайшы аспаптық болаттан жасалады. Металл кескіш қайшылардың бір пышағы қозғалмайтын, екіншісі қозғалмалы болып бекітіледі. Металл табақтарды кесу үшін түзу сызықты және дөңгелек жүзді (дискілі) қайшылар пайдаланылады. Қайшының гильотиндік, сортты, оймалық, вибрациялық түрлері бар. Қайшылардың қозғалмалы пышақтары тісті немесе рычагты берілістер және кривошипті жетектер арқылы қозғалады. Металл кескіш қайшы негізінен прокат өндірісінде қолданылады[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы