Уики-кітап — бұл «қандай болса, солай» немесе PDF, OpenDocument, EPUB немесе ZIM форматтарында сақтауға болатын, дербес құралған Уикипедия мақалаларының топтамасы. Үйлесімді форматта сақталған уики-кітапты «талап бойынша басып шығару» қызметтерін ұсынатын компаниялардың біріне басып шығаруға тапсырыс беруге болады. 2007 жылдың желтоқсанынан бастап Уикимедиа қорыPediaPress онлайн севисімен уики-кітап басып шығару жөнінде серіктестік келісімге ие. Бұл онлайн сервис егер сіз кітап басып шығаруға тапсырыс беруді ұйғарсаңыз, сұраусыз ұсынылады. Сіз сондай-ақ кітапты «талап бойынша басып шығару» қызметтерін ұсынатын компаниялардың басқасын таңдауыңызға болады (ағылш.print on demand). Уики-кітапты басып шығару мәселесі бойынша сұрақтарыңызды арнауы форумнан іздеп, таба аласыз. Уикипедия материалдары бойынша жалпы сұрақтарыңызды мына форум бөлімінде сұрай аласыз.