Томас Хант Морган

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Томас Хант Морган
Thomas Hunt Morgan

Томас Морган. Фотография 1891 жылы
Туған күні

25 қыркүйек 1866 (1866-09-25)

Туған жері

Лексингтон, Кентукки, АҚШ

Қайтыс болған күні

4 желтоқсан 1945 (1945-12-04) (79 жас)

Қайтыс болған жері

Пасадина (Калифорния), Калифорния, АҚШ

Ғылыми аясы

генетика

Атақты шәкірттері

Г. Дж. Меллер, А. Г. Стертевант

Марапаттары


Нобель сыйлығы Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (1933)
Копли медалі (1939)

Томас Хант Морган (ағылш. Thomas Hunt Morgan; 25 қыркүйек 1866(18660925), Лексингтон — 4 желтоқсан 1945, Пасадина) — американдық биолог, генетиканың негізін қалаушылардың бірі, Итака, Нью-Йорк (1932) алтыншы Халықаралық генетика конгресінің төрағасы. «Тұқым қуалаудағы хромосоманың рөліне қатысты ашылулары үшін» физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1933 жылы лауреаты[1].

Алғаш рет өз зерттеулерінде жеміс шыбыны дрозофиланы (Drosofula melanogaster) пайдаланды. АҚШ Ұлттық ғылым академиясының президенті (19271931), КСРО РА- ның құрметті мүшесі (1932). Кентукки университетін (1886) және Балтимордағы Дж. Хопкинс университетін (1891) бітірген. Брин-Мордағы әйелдер колледжінде (1891—1904) және Нью-Йорктегі Колумбия университетінде (19041928) профессор. Пасаденадағы Калифорния технология институтының биология лабораториясының (19281945) меңгерушісі. Томас регенерация мен жануарлардың жынысын анықтау мәселелерін және эксперименттік эмбриологияны зерттеді,Морган өз кызметкерлерімен бірігіп, тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашып, гендердің хромосомаларда орналасатындығын дәлелдеді. Нобель сыйлығының лауреаты (1933 ж.).[2][3]

Ғылыми еңбектері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Наградалары, ғылыми Танылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Академиялар мүшесі:

Қайнар көзі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. The Nobel Prize in Physiology or Medicine 1933  (ағыл.). Nobel Media AB 2013. Тексерілді, 11 желтоқсан 2013.
  2. Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-634-2
  3. Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]