Пирсинг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Емшек тесу, ерін тесу және құлақтағы тесік

Пирсинг (ағылш. piercing — «тесу») — денені түрлендірудің бір түрі. Денедегі белгілі бір нүктені тесіп көптеген әшекей тасу.

Пирсинг жасау-жасамаудың түр-түрлі себептері бар. Кейбіреулері рухани не діни түсінігі бойынша, ал енді біреулері өз келбетін одан әрі әшекейлендіру үшін жасайды.[1]

Пирсингтің кейбір түрлері, әсіресе жастар арасында даулы болып қала береді. Білім беру мекемелері, жұмыс берушілер және діни бірлестіктер әдетте денеге пирсинг киюге шектеу қояды. Кейбір адамдар пирсингтің экстремалды түрлерін қолданады. Гиннес рекордсмендерінің арасында жүздеген, тіпті мыңдаған тұрақты және уақытша пункциялардың иелері бар.

Қазіргі заманғы пирсинг тәжірибесі зергерлік бұйымдар үшін қауіпсіз материалдарды қолдануға ерекше назар аударады, көбінесе пирсинг үшін бір реттік, бір рет қолданылатын құралдарды пайдаланады. Шын мәнінде, пирсинг инвазивті процедура болып табылады, оның барысында аллергиялық реакциялар, инфекциялар, шрамдар және дененің күтпеген реакциялары пайда болуы мүмкін.

Бүгінгі күнге қолданылатын сақтық шаралары мен санитарлық шаралар пункция жасағаннан кейін мұқият өңдеумен біріктіріліп, осы асқынулардың қаупін барынша азайтуға арналған. Пирсингтің жазылу уақыты тесілген жеріне байланысты, алайда жыныс мүшелерін тесудің жазылуы бір айдан аз уақытты алады, ал кіндіктің толық жазылуы кейбір жағдайларда алты айға дейін созылады. Бірақ дұрыс шыдам күтіммен және пирсинг тесілген аймағына жарақаттану мүмкіндігің азайтып, пирсингтің барлық дерлік стандарттарына ұстанса жазылу 2 аптадан - 4 аптаға дейін созылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. [1], Орысша уикипедиядан аударылған.