Людмила Сийм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Людмила Сийм
эст. Ludmilla Siim
Туған күні

20 қараша 1938 (1938-11-20) (85 жас)

Туған жері

Алматы, Қазақ КСР, КСРО

Азаматтығы

 Финляндия

Людмила Петровна Сийм (тұрмыс құрғанға дейін (1962) — Курбатова, 1979 жылдан Милла Сийм-Каазинен (Milla Siim-Kaasinen[1]) — эстон және фин суретшісі.

1938 жылы 20 қарашада Алма-Атада дүниеге келген, анасының ата-анасы Эстониядан келген иммигранттар (олар 1912 жылы кеткен). 1945 жылдан бастап Тарту қаласында тұрады[2]. Людмила Сийм онда №2 мектепте (1947-1953), содан соң көркемсурет училищесінде (1953-1958) оқыды. 1965 жылы Эстония мемлекеттік өнер институтын бітірді, 1963-1965 жж. осы институтта дайындық курстарының нұсқаушысы болып жұмыс істеді[3].

1965-1969 жж. №46 Таллин мектебінде бейнелеу өнері мұғалімі болып жасады. 1969 жылдан Тарту көркемсурет училищесінің мұғалімі болды. Оның шәкірттеріне Андрес Тольтс (1949–2014), Андо Кесккюла (1950–2008), Урмас Педаник (1949) және Юри Окас (1950) кіреді[2].

1971 жылдан Эстония КСР Суретшілер одағының мүшесі. Кеңестік кезеңде: 1971 және 1973 — Таллин көркем салонында, 1975 — Тарту өнер үйінде жеке көрмелерін өткізді. Мәскеуде (1975) және Вильнюстегі (1976) Бүкілодақтық портреттік кескіндеме көрмелеріне қатысты. 1972 және 1975 жылдардағы Балтық суреті үшжылдық байқауының жүлдегері.

1977 жылы ол Финляндияға қоныс аударды, онда 1979 жылы Милла Сийм-Каазинен деген есімді алды. Финляндияда Людмила Сийм 1981-1984 жж. өнеркәсіп өнімінің дизайнері, Хельсинки суретшілер қауымдастығының курс нұсқаушысы және 1992-2000 жж. Мунккиниемиде және 1996-2000 жж. Хельсинкиде сурет мұғалімі болып жұмыс жасады.

Людмила Петровна Сийм 400-ге жуық өнер туындыларының авторы, 40-тан астам көрмеге қатысқан. 2022 жылғы AkzoNobel өнер сыйлығының иегері.

Өнер туындылары[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Кристлин Лиер (2022). Людмила Сийм. Свет бытия . Эстония: Тартуский художественный музей. Страница 49.
  2. a b Кристлин Лиер (2022). Людмила Сийм. Свет бытия . Эстония: Тартуский художественный музей. Страницы 20-23.
  3. Март Кальм (2014). Из художественной школы в художественную академию. 100 лет художественному образованию в Таллинне . Эстония: Эстонская академия художеств. Страница 21.