Каймирасова Таңсұлу Гималқызы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Каймирасова Таңсұлу Гималқызы (1923 жылы туған, Башқортостан, Салават ауданы Архауылов а.) – ғалым, геол.-минер. ғылым канд. (1972). Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1958). 1943 – 53 жылы Қазақ геофизика тресінің Атасу геофиз. экспедициясында отряд, партия бастығы, 1958 – 60 жылы сол трестің кешенді экспедициясында геолог, 1960 – 89 жылы Геологиялық ғылымдар институтында аға геолог, кіші, аға ғылым қызметкер болды. Негізгі ғылым еңбектері Қазақстанның металлогениясын зерттеуге арналған. Жәйрем барит-полиметалл кен орнын ашқан (1951). Атасу кенді ауданындағы Оңтүстік Қаражал, Ақшағат, Жомарт, Жәйрем, Үшқатын кен орындарының геологиясын зерттеген. КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1977).

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том