Брокгауз энциклопедиясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
14-ші басылымның бірнеше томы (1895).

Брокгауз энциклопедиясы (нем. Brockhaus Enzyklopädie) — XIX ғасырдың басынан бастап басылып шығарыла бастаған немістің көптомды әмбебап энциклопедиясы. Әр жылдары әртүрлі атаулармен шыққанына қарамастан, жалпы ресми емес атауы сол қалпында сақталған — «Брокгауз». Энциклопедия Фридрих Арнольд Брокгауз негізін қалаған «F. A. Brockhaus» (артынан — «Bibliographisches Institut & F. A. Brockhaus AG») баспа үйімен шығарылады.

Бұл энциклопедияның ең басты ерекшеліктерінің бірі — оған көбінесе жалпы шолушы мақалалар емес, анықтама-мақалалар тән. Бұл жәйт стандартты энциклопедия шығарылымына 200—300 мың мақала сыйдыруға мүмкіндік берді.

Брокгауз энциклопедиясы «Майердің Энциклопедиялық Лексиконы» (нем. Meyers Konversations-Lexikon) 1984 жылы, «Пирердің әмбебап Лексиконы» (нем. Universal-Lexikon der Gegenwart und Vergangenheit) XIX ғасырдың соңында және «Гердердің энциклопедиялық Лексиконы» (нем. Herders Conversations-Lexikon) 1960-шы жылдары шығарылуы тоқтатылғаннан кейін, неміс тіліндегі әлемдік деңгейдегі 4 әмбебап энциклопедияның соңғысы болып табылады.

Пайда болу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Энциклопедияның тарихы 1796 жылы Лейпциг қаласында доктор Ренатус Готтхельф Лёбельдің (нем.)қазақ. «Қазіргі заманға керемет көңіл бөлінген энциклопедиялық сөздігі» (нем. Conversations-Lexikon mit vorzüglicher Rücksicht auf die gegenwärtigen Zeiten) шыққан кезден басталады. Бұл «Сөздікке» географиялық және тарихи тақырыптар туралы мақлалар, өмірбаяндар, мифология, философия, жаратылыстану және т.б. бойынша мақалалар кірді. 1—4 томдары (A-дан R-ға дейін; «Leipzig: F. A. Leupold» баспасы) 17961800 жылдары шықты, 5-ші томы («Leipzig: J. C. Werther» баспасы) 1806 жылы шықты.

1808 жылы Ф.А. Брокгауз банкротқа ұшыраған баспашыдан Лейпциг кітап жәрмеңкесінде (ағыл.)қазақ. 1800 талер бағасына «Сөздікті» басып шығару құқығын сатып алады да, бастапқы жоспарланған 6 томға екі том қосымшаларды кіріктіріп, 1811 жылы оның шығарылуын аяқтайды (бірінші том — «Amsterdam: F. A. Brockhaus» басылымы; екіншісі — «Leipzig: F. A. Brockhaus» басылымы). Соңғы, алтыншы, томның редакторы ретінде Кристиан Вильгельм Франке (нем. Christian Wilhelm Franke) шақырылды[1]. Бұл ісінің маңыздылығын түсінген Брокгауз, сәйкес өзгерістер мен қосымшалармен, өзіне энциклопедияның редакторы рөлін алып, 1812 жылы энциклопедияның 10-томдық екінші басылымына кірісті[2]. Бұл екінші басылым жалпақ жұртқа танымал болып, мойындалды[3].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Британика энциклопедиясындағы «Encyclopaedia» мақаласы, 11-і басылым.  (ағыл.).
  2. Брокгауз, Фридрих Арнольд // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.
  3. Британика энциклопедиясындағы «Friedrich Arnold Brockhaus» мақаласы, 11-і басылым.  (ағыл.).

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]