Басқару еңбегі
Басқару еңбегі — мекеменің, кәсіпорынның басқару жүйесінде қызмет атқаратын лауазымды адамдар еңбегінің жалпылама атауы. Басқару еңбегі басқаруды және оған дайындықты қамтиды. Басқару дұрыс шешім қабылдауға және оны жүзеге асыруға келіп саяды. Кадрлерді іріктеу, басқару аппараты не өндіріс бөлімшелерінің әр түрлі буындарының жұмысын үйлестіру, жұмыс барысын бақылау және реттеу, т.б. міндеттерді мекеме, кәсіпорын басшылары жүзеге асырады. Басқаруға дайындық жұмыстары басшылардың шешім қабылдауымен және оның орындалуын ұйымдастыруға қажетті мәліметтерді, деректерді қамтамасыз етумен шектеледі. Бұған басқаруға қажетті ақпараттарды бастапқы өңдеу, хабар беру мен қайта өңдеу жатады. Басқаруға дайындықты тиісті мамандар, экономистер, есепшілер, т.б. адамдар жүзеге асырады. Басқару еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру қызметі басшы, инженер-техникалық қызметкерлердің, мамандардың еңбегін, олардың жұмыс күнін тиімді ұйымдастыру, жұмыс стиліне шұғыл басшылық ету тәсілдерін жақсарту, т.б. көрсеткіштер тұрғысынан мұқият зерттеуді талап етеді. Өнеркәсіп өндірісін басқарудың ғыл. негіздерінің қалыптасуы 19 ғасырдың соңғы онжылдықтарында басталды. Өнеркәсіп өндірісін басқаруға байланысты алғашқы іргелі еңбектерді жазған америкалық ғалым Ф.У. Тейлор (1856—1915) болды. Оның шәкірті Р.А. Хойфе басқарудың, соның ішінде оның жоғары буындарындағы басқарудың басты принциптерін жасады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |