Алғашқы ауыздылар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Алғашқы ауыздылар
Қазбалық ауқымы: Ediacaran–Recent
A Caribbean Reef Squid, an example of a protostome.
A Caribbean Reef Squid, an example of a protostome.
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Кіші дүниесі: Eumetazoa
(unranked) Protostomia
Grobben, 1908
Superphylums

Алғашқы ауыздылар (Protostomіa) – көп жасушалы қос жақтаулы симметриялы жәндіктердің бір тобы. Олардың бұлай аталуы – алғашқы ауыз жасуының дами келе ауыз қуысына айналуына байланысты. Алғашқы ауыздылардың көпшілігі теңізде, аздаған түрі тұщы суда, топырақ арасында тіршілік етеді. Бұларға жалпаққұрт, жұмырқұрт, буылтық құрттар, буынаяқтылар, ұлулар жатады. Дене тұрқы 2 – 3 мм-ден 50 – 60 см-ге дейін, өте ірі түрлері 30 см-ге жетеді. Алғашқы ауыздылар – жұмыртқасының спираль бойынша бөлшектенуімен, денесінің ауыз қуысына қарама-қарсы ұшынан анус саңылауының ашылуымен, мезодерманың телобластық (ұрықтың 2 немесе бірнеше клеткасы) құрылуымен, денесін қаптайтатын хитин, кутикула, бақалшақ түріндегі сыртқы қаңқасының болуымен ерекшеленеді. Осыған орай Алғашқы ауыздылардың табиғатта өз орны бар.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ энциклопедиясы