Дәстүргүл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Дәстүргүл
Bellis perennis
Bellis perennis
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Asterales
Тұқымдасы: Asteraceae
Кіші тұқымдасы: Asteroideae
Тайпасы: Astereae
Кіші тайпасы: Bellidinae
Тегі: Bellis
L.
Үлгілік түрі
Bellis perennis
L.[1]
Синонимдері

Дәстүргүл (лат. Bellis) – астралылар тұқымдасына көп жылдық шөптесін өсімдіктер тегі. Италияның ұлттық нышаны.

Тектің табиғи ареалыЕуропа, Жерорта теңізі жағалауындағы елдер, Кавказ. Текте жеті биологиялық түрі белгілі.

Қазақстанда көп жылдық дәстүргүл (B. perennіs) түрі ғана кездеседі. Ол бау-бақшаларда, саябақтарда, гүлзарларда өседі. Биіктігі 10 – 15 см болады. Күрекше пішінді жапырақтары сабақ астына шоғырлана орналасқан. Жиектері ұсақ тілімденген. Гүлдері дара, кейде бірнешеу болады. Гүл жапырақшалары ақ немесе қызғылт түсті. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейтіледі. Дәстүргүл – жарық сүйгіш өсімдік. Ылғалды топырақта жақсы өседі.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүргүл көпжылдық, кейбір түрлері біржылдық шөптесін өсімдік болып табылады. Көпжылдық дәстүргүлдер көбінесе екіжылдық гүл ретінде өсіріледі.Бойының биіктігі 10 см-ден 30 см-ге дейінгі аралықта.Дәстүргүлдер гүлпарлы,жай күлтелі және жартылай гүлпарлы болып үш топқа бөлінеді.

Жапырақтары жұмыртқа пішіндес сопақтау,гүлдерінің диаметрі 1-2 см-ге жетеді.

Гүлдегеннен кейін тұқым салады.1грамда 7500 данаға дейін ұсақ тұқымдары болады.

Тұқымдардың өну қасиеті 3-4 жылға дейін сақталады. Сәуір,мамыр айларында гүлдейді. Гүлдерінің түсі ақ,күлгін,қызыл түсті. Қазақстанның әр аймағында әртүрлі кезде гүл жарып,алуан түрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Мысалы,ылғалды және суық жерлерде гүл бүрлері бірінші суыққа дейін ашылса, ыстық климатты аймақтарда гүлдері ұсақталып өздерінің сұрыптық көрінісін жоғалтады.

Орта ғасырларда дәстүргүлмен рухани азғындыққа ұшыраған адамдарды емдеген.Егер емдеуші адам 15 күн ішінде жазылып шықпаса,ол жан тапсырады деп есептеген екен.Дәстүргүл өте нәзік гүл болғанымен,оның емдік қасиеті өте жоғары.

Көгалдандыру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүргүлдер ашық,жарық жерлерде өскенді ұнатады. Жартылай көлеңкелі жерде де өсе береді. Қыстың суығына шыдамды болғаны үшін жоғары бағаланады.

  • Топырағы:топырақ талғамайды,бірақ тасты,қарашірікке бай,құнарлы топырақта жақсы өседі.
  • Күтімі:үнемі ылғалдылық пен суғаруды қажет етеді.Құрғақшылықтан гүлдері кішірейіп қалады.Ерте көктемде гүл бүрлерін салған уақытта минералды тыңайтқышпен қоректендіреді.Мысалы,1м кв. Жерге 15 г аммиак селитрасын,30 г суперфосфат,7-8 г калий араластырып қоректендірген дұрыс.
  • Аурулары мен зиянкестері:олар ауруға жиі шалдыға бермейді,ең басты аурулары гүлдерінің ұсақталуы,жапырақтарының түсінің өзгеруі және т.б.. Аурулары көбінесе жаздың басында пайда болады.Ондай жағдайда жараланған жапырағы мен гүлдерін кесіп тастау керек.Дәстүргүлге кене,ұсақ кеміруші жәндіктер зиян келтіруі мүмкін.Ондай жағдайда сарымсақтан жасалған тұнбамен өсімдікті тазалайды.
  • Көбейтілуі:тұқымын себу,қалемшеу және түбін бөлу арқылы көбейтеді. Негізінде ,дәстүргүл өздігімен тез көбейетін өсімдіктер қатарына жатады.Бір түбінен келер жылы 3-4 балапан өсіп шығады.Осы балапандарды жекелеп бөліп алу арқылы оңай көбейтуге болады.Тұқымы арқылы да көбейтеді.Бірақ,тұқымы тез будандасып кететіндіктен көшетінде аналық қасиет сақталмауы мүмкін.Сондықтан көп жағдайда түбін бөлу әдісін қолданған абзал.Түбін тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында немесе көктемде 4-6 бөлікке бөледі.
  • Қолданылуы:дәстүргүлдерді үлкен гүлзарлардың шетіне,жол жиегіне,альпі шоқысына,топтап немесе жеке отырғызған әдемі көрінеді.Тіпті,оларды бозкілем ретінде ексе,жайылып керемет кілемнің көрінісін берері сөзсіз. Қылқанжапырақты ағаштардың түптерін гүлдендіруге өте ыңғайлы. Сонымен қатар шағын гүл шоғырларына да қырқып қосады.
  • Көршілері: дәстүргүлді нәркес, сүмбілшаш, наурызгүл, қызғалдақ, ботагөз секілді көктемде гүл жаратын гүлдермен бірге ексе үйлесімді көрініс береді.
  • Есіңде болсын!!! Дәстүргүлдің гүлінің түсі әртүрлі сұрыптарын жеке-жеке отырғызу қажет. Егер, олар жақын өсер болса, буындасып, келер жылы жаңа бір түр шығарады. Мысалы, ақ және күрең түсті екі түрі қатар өссе, келесі жылы не қызылға, не ақ түске жатпайтын жаңа бір түр пайда болады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. lectotype designated by N. L. Britton et A. Brown, Ill. Fl. N. U.S. ed. 2. 3: 401 (1913)
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Bellis