Ду Фу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту



Ду Фу
杜甫
Дүниеге келгені: 712
Хунань,Гун уезі
Қайтыс болғаны: 770
Мансабы: қытай ақыны

Ду Фу - қыт.杜甫 - (712,Хунань,Гун уезі - 770) - қытай ақыны.
Шенеунік отбасына шыққан, Ду Шэньянь ақынның немересі. Бірінші өлеңін 7 жасында шығарған.
Ду Фу жас кезінде Қытайды көп аралап, қытай халқының өмірімен жете таныс болған.
"Арулар туралы жыр", "Бозбала жайында" атты еңбектерінде ақын сарайды төңіректеп жүретін дүниеқоңыз шенеуніктерді ажуалайды. Ду Фудың "Астанадан Фынсяньға аттанарда, жүрегімді не көрнеді" поэмасы (755) адамдар теңдігін аңсаған арманға толы.
Ду Фу - пейзаждық лириканың майталман шебері, адамдар арасыдағы жарасымдылықтың, табиғаттың асқан жыршысы ("Көктемгі су", "Таң сәріде оянам" т.б.).
Ду Фу шығыс поэзиясының дамуына үлкен әсер етті. Қытайда Ду Фуды "поэзия корифейі" деп атайды. Ел кезіп, көп қаңғырған Ду Фу жоқшылықтан өлді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998