Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін медалі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
«Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі
I дәрежелі
II дәрежелі
III дәрежелі
Мемлекет  Қазақстан
Түрі Медаль
Жағдайы беріледі
Негізделді 31 шілде 2003 жыл

«Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі — Ішкі істер органдарындағы қызмет беделін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 1157 Жарлығының негізінде белгіленген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының марапаттары.

Медаль Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалады.

Медал туралы ереже[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Медальмен Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында 10 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар, қызметінде оң сипатталған және қызметтік міндеттерін үлгілі атқаратын ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталады.

Дәрежелері[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Ішкі істер органындағы қызметі үшін» медалі үш дәрежеден тұрады:

  • 1 дәрежелі — 20 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға
  • 2 дәрежелі — 15 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға
  • 3 дәрежелі — 10 жыл мінсіз қызметі үшін марапаттауға.

Медал төменнен жоғары дәрежеге қарай рет-ретімен беріледі.

Сипаттамасы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1-дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Медаль жезден жасалған және диаметрі 34 мм болатын кәдімгі дөңгелек пішінге ие.

Медальдің алдыңғы жағында ортасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылышсыз танымбелгісі бейнеленген. Медалдың жоғарғы жағында танымбелгінің үстінде бес бұрышты жұлдыз, астында «ІІМ» аббревиатурасы бар.

Медалдың арт жағында ортасында «Ішкі істер органындағы мінсіз қызметі үшін» делінген. Төменгі жағында «20 жыл» деген жазу жазылған.

Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес келеді. Медалдың шеттері жиектелген.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспасымен тысталған ені 30 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның шеттерін бойлай ені 7 мм көк жолақтар, таспаның ортасында ені 5 мм екі қызыл жолақ, олардың арасында ені 6 мм сары жолақ бар. Таспаның ені 30 мм.

Медал киімге түйреуіш арқылы тағылады.

2-дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Медаль мельхиордан жасалған және диаметрі 34 мм болатын кәдімгі дөңгелек пішінге ие.

Медальдің алдыңғы жағында ортасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылышсыз танымбелгісі бейнеленген. Медалдың жоғарғы жағында танымбелгінің үстінде бес бұрышты жұлдыз, астында «ІІМ» аббревиатурасы бар. Танымбелгі, жазу және жұлдыз алтын жалатылған.

Медалдың арт жағында ортасында «Ішкі істер органындағы мінсіз қызметі үшін» делінген. Төменгі жағында «15 жыл» деген жазу жазылған.

Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес келеді. Медалдың шеттері жиектелген.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспасымен тысталған ені 30 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның шеттерін бойлай ені 7 мм көк жолақтар, таспаның ортасында ені 3 мм екі сары жолақпен кезектесетін үш қызыл жолақ орналасқан, шеткілерінің ені 4 мм, орташасыныкы 2 мм. Таспаның ені 30 мм.

Медал киімге түйреуіш арқылы тағылады.

3-дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Медаль мельхиордан жасалған және диаметрі 34 мм болатын кәдімгі дөңгелек пішінге ие.

Медальдің алдыңғы жағында ортасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылышсыз танымбелгісі бейнеленген. Медалдың жоғарғы жағында танымбелгінің үстінде бес бұрышты жұлдыз, астында «ІІМ» аббревиатурасы бар.

Медалдың арт жағында ортасында «Ішкі істер органындағы мінсіз қызметі үшін» делінген. Төменгі жағында «10 жыл» деген жазу жазылған.

Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар дөңес келеді. Медалдың шеттері жиектелген.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспасымен тысталған ені 30 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты тағанға жалғанады. Таспаның шеттерін бойлай ені 7 мм көк жолақтар, таспаның ортасында ені 3 мм үш сары жолақпен кезектесетін төрт қызыл жолақ орналасқан, шеткілерінің ені 4 мм, орташасыныкы 1 мм. Таспаның ені 30 мм.

Медал киімге түйреуіш арқылы тағылады.

Тағы қараңыз[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]