Құры Украинадан, ұсқынсыз москаль!

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
21:30, 2024 ж. мамырдың 7 кезіндегі Nurtenge (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бетте: '''«Құры Украинадан, ұсқынсыз москаль!»''' ({{lang-uk|Геть з України, москаль некрасивий!}}) — 2004 жылы жазылған Андрей Данилконың орындауындағы балерина Белла Куценконың монологынан алынған фраза.<ref name="obozrev1">{{Cite web|lang=ru|url=https://news.obozrevatel.com/s...)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

«Құры Украинадан, ұсқынсыз москаль!» (укр. Геть з України, москаль некрасивий!) — 2004 жылы жазылған Андрей Данилконың орындауындағы балерина Белла Куценконың монологынан алынған фраза.[1] 2022 жылы музыкалық шығармалар семпліне (үлгісіне) айналғаннан кейін танымал болды. Андрей Данилконың орындауы Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін вирустық фразаға айналды.

Музыкада қолданылуы

2022 жылдың наурыз айында украиналық Vivienne Mort тобының солисті Даниэла Заюшкина Facebook парақшасында «Құры Украинадан, ұсқынсыз москаль!» фразасын көтерілістік мелодиясына қойып жариялады.

2022 жылдың сәуір айында украиналық әнші Jerry Heil «Құры Украинадан, ұсқынсыз москаль!» фразасын қолданып, «#МОСКАЛЬ_НЕКРАСІВИЙ» синглін шығарды.[2][3] «Ой на горі та й женці жнуть» украиналық халық әнінің негізінде жазылған синглде Владимир Зеленский, Виталий Ким, Алексей Арестович және Украина Қарулы Күштерінің жауынгерлері,[4] сондай-ақ, сығандардың орыс сарзбаздарынан танк ұрлап кеткені[5] және әйелдің қылтимадан қиар жабылған шыны құтыны лақтырып, дронды қағып түсіргені жайлы кеңінен таралған оқиғалар аталып өтілген.[6]

Тағы қараңыз

Орыс әскери кемесі, сігіл ары!

Дереккөздер