Қанат Шерязданұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
16:33, 2024 ж. мамырдың 12 кезіндегі Sayatshy (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бет)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қанат Шериязданұлы ( 9 шы ақпан 1966 жыл- 1ші қыркүйек 2022жыл) Монғолия еленің Ұланбатыр қаласында дүниеге келген. «Көкжал» компаниясының директоры, Қазақтың дәстүрлі САЯТ өнерінің жанашары, Халықаралық "SAYAT ASSOCIATION" қауымдастығының негізін қалаушы, «Алтын Бүркіт» халықаралық саятшылар ұйымының жетекшісі.

1974 - 1984 жылдары Ұланбатыр 17-ші орта мектебінде оқып алтын медальмен тамамдаған.

1984 - 1990 жылдары  Мәскеу мемлекеттік университетінің(МИИГАИК) қолданбалы космонавтика инженері маманы бойынша қызыл дипломен аяқтаған .

2013 - 2018 жылдары сырттай  Амстердам қаласынды( Нидерландия )Туризм Академиясының  эко-туризм маманын меңгерген.

1998 жылдан \"Көкжал\" компаниясын “Blue Wolf Travel” құрып, жетекшілік еткен.

 Моңғолиядағы қазақ диаспорасының көрнекті өкілдерінің бірі Қанат Шерияздан ұлының зәу-заты Алаш және Абылай ұранды қазақтың Ақжол ұранды Орта жүз Жанарыстың алты арысының бірі Ошыбай ұранды Керей тайпасы. Керей тайпасы Ашамайлы және Абақ болып екі салаға бөлінеді. Абақ және Жәнібек ұранды Абақ керей он екі рудан құралады. Осы он екінің бірі Қаптағай (Түгелбайұлы 1700-1760. ұлт-азаттық күрес батыры, ШҚ облысы, Зайсан ауданы жеріндегі қабірінің басына 2019 жылы ескерткіш орнатылып, ас берілді) ұранды Қарақас руы. Қарақас (шын аты Сидалы)  Байым, Қосым, Назар-үш атаға бөлінеді. Назардан Түгелбай, Нұрманбет, Жамантай, Баубек. Түгелбайдан Жәдік, Байғұл, Қаптағай, Сары. Байғұлдан Оразбай, одан Сасық, одан Тасыбай. Тасыбайдан Жеңсікбай, одан Делубай, одан Шерияздан, одан Қанат.

  Бұл Қарақас руынан Қаптағай, Арқалық, Бүркітбай, Ақтеке сынды батырлар мен Торғайты әулие қатарлы аты аңызға айналған атақты тұлғалар туып шыққан. Қарақас ұрпақтары қазір ШУАР-да, Моңғолия мен Қазақстанда, Ресейде, Түркияда, Ауғанда және басқа елдерде тұрады. Баян-Өлгийдегі қарақас тобы 1750 жылдардан Қалба, Алтай, Сауырға беталып, одан кейін Моңғолия, оның Баян-Өлгий аймағы жеріне ХІХ ғасырдың орта шенінен келіп қоныстанған.

  Әкесі Делубайұлы Шерияздан мен анасы Абақ керей Жәнтекей-Ботағара-Нұра рулы Бөстек қызы Биғайша Баян-Өлгий аймағының Делуін өлкесінде туып-өсіп, 1934 жылдарда осы елдің астанасы Ұланбатырға көшіп барып қоныстанып тұрғанда 1966 жылы 9-қаңтарда Қанат дүниеге келген. Астаналық 35-мектептің табалдырығын 1974 жылы аттап бастауыш сыныпты, одан 17-орта мектепке ауысып, оны 1984 жылы Білім министрлігінің алтын медалімен бітірген.

Ұ