Кадри Мяльк

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
15:38, 2024 ж. мамырдың 13 кезіндегі KoishymanovaG (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа Мяльк, Кадри» бетінен аударылып түзілді)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кадри Мяльк
эст. Kadri Mälk
Сурет
Туған кездегі есімі

Кадри Сыэрд (эст. Kadri Sõerd)

Туған күні

27 қаңтар 1958 (1958-01-27)

Туған жері

Таллин, Эстония КСР, КСРО

Қайтыс болған күні

1 қаңтар 2023 (2023-01-01) (64 жас)

Қызметі

өнер қайраткері, зергерлік дизайнер, университет оқытушысы


Кадри Мяльк (эст. Kadri Mälk, туған кездегі есімі Кадри Сыэрд (эст. Kadri Sõerd); 27 қаңтар 1958, Таллин — 1 қаңтар 2023[1][2]) — зергерлік бұйымдар дизайнері және эстон суретшісі.

1958 жылы 27 қаңтар Таллин қаласында дүниеге келген. Тарту көркемсурет училищесін (1977-1981) және Эстония өнер академиясын (1986, профессор Лейли Кульдкепптің шәкірті) бітірген.

1986-1989 жж. еркін суретші болды. 1989 жылдан Эстония өнер академиясында сабақ берді, ал 1996 жылдан бастап зергерлік бұйымдар дизайны және ұсталық профессоры болды.

1989 жылы алғашқы жеке көрмесі Көркемсурет галереясында өткізілді. Кадри Мяльктің зергерлік композициялары Эстония, Латвия, Литва, Германия, Бельгия, Дания, Финляндия, Ресей, АҚШ, Оңтүстік Корея, Словакия, Ұлыбритания, Швеция, Испания және Норвегияда көрмеге қойылған.

2004 жылы ол туралы «Қиялдың қараңғы аспаны» фильмі түсірілді.

Кадри Мяльктің өнер туындылары Эстонияның қолданбалы өнер және дизайн мұражайында, Лондондағы Виктория және Альберт мұражайында, Цюрихтегі Швейцария ұлттық мұражайында, Санкт-Петербургдегі Эрмитажда, Нью-Йорктегі Смитсон ұлттық мұражайында және жеке коллекцияларда сақталған.

Мяльк бірнеше кітаптың авторы.


Бірінші күйеуі (1976 жылдан бастап) — театр суретшісі Вадим Фомичев (1953 жылы 13 қыркүйекте туған), неке ажырасумен аяқталды. Үшінші күйеуі — жазушы және аудармашы Мати Сиркель ( эст. Mati Sirkel ).

Әдебиеттер

  • Kadri Mälk: testament. Kadri Mälk, Tamara Luuk, Tanel Veenre. Arnoldsche Art Publishers, 2016 — Беттер саны: 321.
  • Hunt: Kadri Mälk. Arnoldsche Art Publishers, 2020 - Беттер саны: 397.

Сілтемелер

  1. https://hedendaagsesieraden.nl/2019/11/26/kadri-malk/
  2. https://kultuur.err.ee/1608837088/suri-kunstnik-kadri-malk