Алғадай Жамбылұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
13:11, 2024 ж. мамырдың 10 кезіндегі Ерден Карсыбеков (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бетте: {{Әскери қайраткер |толық есімі = Алғадай Жамбылұлы |суреті = |сурет тақырыбы = |туған күні = 1901 |туған жері = қазіргі Тараз, Жамбыл облысы |қайтыс болған күні = 22.02.1943 |қайтыс болған жері = Синельниково, Украина |лақап аты = |мемлекет = {{...)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Алғадай Жамбылұлы
Туған күні

1901 (1901)

Туған жері

қазіргі Тараз, Жамбыл облысы

Қайтыс болған күні

22 ақпан 1943 (1943-02-22)

Қайтыс болған жері

Синельниково, Украина

Мемлекет

 КСРО

Әскер түрі

Кавалерия

Қызмет еткен жылдары

1942—1943

Әскери бөлімі

19-шы гвардиялық атты әскер полкі
(7-ші гв. атты әскер дивизиясы)

Шайқасы

Ұлы Отан соғысы

Марапаттары

I дәрежелі Отан соғысы ордені

Алғадай Жамбылұлы — жыр алыбы Жамбылдың Қанымжаннан туған баласы, Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Майданға 1942 жылдың қаңтарында алынды. Соғыста атты әскер құрамында шайқасты, пулемет новодчигі болған.

1943 жылдың 22 ақпанында Украинаның Синельниково стансасы түбінде ерлікпен қаза тапқан. Бүгіндері қалаға айналған Синельниководағы бауырластар зиратында жерленген.[1]

Жамбыл ұлына арнап бірнеше өлең шығарған. Біреуінде:

Құлағыңда, құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған:
Алғадайым, арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған;
Перзентімнің алды едің
Көңілімді қыймаған.
Аттандырдым майданға,
Аман-есен жүр балам!

— деп жырлайды.[2]

Ұрпағы

Алғадайдың ұлдары — Таубай және Қуаныш.[1]

Дереккөздер

Сілтемелер