Портал:Ағымдағы оқиғалар
6:18 am (UTC+5:00) маусымның 8, 2024 жыл |
|
Мамыр 2024
- 26 мамыр — Израиль Палестинаның Рафах қаласын бомбалады: нәтижесінде 50-ге жуық адам қайтыс болды.
- 25 мамыр — Канн кинофестивалінде Алтын пальма бұтағы Анора фильміне берілді.
- 22 мамыр — Норвегия, Испания және Ирландия алдағы уақытта Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындайтынын мәлімдеді.
- 19 мамыр — Манчестер Сити қатарынан төртінші рет Англия чемпионы атанды.
- 19 мамыр — Иранның шығысында тікұшақ апатынан 9 адам қаза тапты, оның ішінде Иран президенті Ибрахим Раиси (суретте) және сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдоллахиян болған.
- 18 мамыр — Грузия президенті Саломе Зурабишвили «шетелдік агенттер» туралы заңға вето қойды.
- 15 мамыр — Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды.
- 14 мамыр — Сергей Шойгудың орнына Ресей қорғаныс министрі болып Андрей Белоусов тағайындалды.
- 14 мамыр — Грузия парламенті шетелдік агенттер туралы заң қабылдады.
- 13 мамыр — Қазақстанның бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталды.
- 11 мамыр — Швейцариялық әнші Nemo 68-ші Eurovision ән байқауында жеңіске жетті.
- 4 мамыр — Америкалық әнші Мадонна The Celebration Tour сапарын Рио-де-Жанейродағы Копакабана жағажайында 1,6 миллион адам тамашалаған ең үлкен тегін концертімен аяқтады.
- 1 мамыр — Ресей қарулы күштері Одесса портын атқылады, 3 адам қайтыс болды.
Сәуір 2024
- 15 сәуір — Қазақстанда тұрмыстағы зорлық-зомбылық пен педофилияға қарсы заң қабылданды.
- 7 сәуір — Су тасқынына байланысты Қазақстанның 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. 120 мыңнан аса адам эвакуацияланды.
* Өркендеу күзетшісі операциясы |
* Израиль−Хамас соғысы |
* Ресейдің Украинаға басып кіруі |
- 2 сәуір — Тайваньда магнитудасы 7,4 жер сілкінісі болып, 16 адам қайтыс болды, 1100 астамы жараланды.
- 2 сәуір — Қырғызстанда шетелдік агенттер туралы заң қабылданды.
Наурыз 2024
- 22 наурыз — Мәскеудегі «Крокус Сити Холлдағы» террорлық шабуыл нәтижесінде 133 адам қаза тауып, 152 адам жараланды.
- 21 наурыз — Вьетнам президенті Во Ван Тхыонг коррупциялық жанжалдан кейін отставкаға кетті.
- 17 наурыз — Ресейдегі сайлау нәтижесінде Владимир Путин бесінші рет Ресей президенті болып сайланды.
- 10 наурыз — Оскар марапаты: «Оппенхеймер» үздік фильм, үздік режиссер, үздік актер мен көмекші актер және тағы үш номинацияда жеңді.
- 7 наурыз — Швеция НАТО блогының 32-мүшесі болды.
- 1 наурыз — Қазақстандағы уақыт бірыңғай UTC +5:00 уақыт белдеуіне ауысты.
Басқа порталдар:
География | Ғылым | Техника | Қоғам | Спорт | Өнер | Музыка | Тұлғалар | Тарих |
---|