2024 жыл
Жылдар |
---|
2020 · 2021 · 2022 · 2023 — 2024 — 2025 · 2026 · 2027 · 2028 |
Онжылдықтар |
2000 жж. · 2010 жж. — 2020 жж. — 2030 жж. · 2040 жж. |
Ғасырлар |
XX ғасыр
— XXI ғасыр |
Грегориан күнтізбесі | 2024 MMXXIV |
Юлиан күнтізбесі | 2023 — 2024 (14 қаңтардан бастап) |
Рим қаласының құрылуынан бастап | 2776 — 2777 (4 мамырдан бастап) |
Византия күнтізбесі | 7532 — 7533 (14 қыркүйектен бастап) |
Еврей күнтізбесі |
5784 — 5785 ה'תשפ"ד — ה'תשפ"ה |
Ислам күнтізбесі | 1445 — 1446 |
Армения күнтізбесі | 1473 ԹՎ ՌՆՀԳ
|
Қытай күнтізбесі | 4720 — 4721 癸卯 — 甲辰 қара қоян — көк айдаhар |
Ефиопия күнтізбесі | 2016 — 2017 |
Инду күнтізбесі | |
- Викрам самват | 2080 — 2081 |
- Шака самват | 1946 — 1947 |
- Кали-юга | 5125 — 5126 |
Иран күнтізбесі | 1402 — 1403 |
2024 жыл — Григориан күнтізбесі бойынша аптаның бірінші күні, яғни дүйсенбіде басталады. Кібісе жыл.
Бұл біздің заманымыздың 2024 жылы, III мыңжылдықтың 24 жылы, 21 ғасырдың 24 жылы, 21 ғасырдың 3-ші онжылдығының 4 жылы, 2020-шы жылдардың 5 жылы болып табылады.
Әзірше 2024 жыл әлемдегі ірі қақтығыстардың жалғасуымен ерекшеленеді: Ресейдің Украинаға басып кіруі, Израиль−Хамас соғысы, Мьянмадағы азамат соғысы, Судандағы азамат соғысы және тағы басқа.
2024 жылы шамамен төрт миллиард адам тұратын дүние жүзінің 76 шақты мемлекетінде ұлттық сайлау өтетін болады. Сайлау өткізетін елдер тізімінде халқы ең көп 10 елдің сегізі (Америка Құрама Штаттары, Бангладеш, Бразилия, Индонезия, Мексика, Пәкістан, Ресей және Үндістан) және Ұлыбритания бар. 2024 жылы оған қоса Еуропа парламентіне сайлау жүреді.
Оқиғалар өңдеу
Қаңтар өңдеу
- 1 қаңтар
- Мысыр, Эфиопия, Иран, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері БРИКС құрамына кірді.[1]
- Таулы Қарабақ аймағы Әзербайжан құрамына қайта кірді де, Арцах Республикасы ресми түрде ыдырады.[2]
- Жапонияның батыс жағалауында 7.5 Mww деңгейлі ірі жер сілкінісі орын алды, нәтижесінде 126 адам қайтыс болды, 611 адам жарақат алды.[3]
- Эфиопия Сомалилендпен Бербера портын пайдалану туралы келісімге келгенін жариялады. Эфиопия сонымен бірге Сомалилендтің тәуелсіздігін мойындайтын бірінші ел болатынын айтады.[4]
- 2 қаңтар – Маршалл аралдарында жалпы сайлау өтті. Маршалл аралдарының заң шығару жиналысы Хильда Хайнды президент болып сайлады.[5]
- 3 қаңтар – Кермандағы лаңкестік әрекет: Қасым Сүлейманиның өлтірілу «мерейтойына» Керман, Иранда Ислам мемлекеті бомбалауы нәтижесінде 89 адам қайтыс болды.[6][7]
- 7 қаңтар – Бангладеште жалпы сайлау өтті. Оппозициялық партияның наразылығына және дауыс беруге келгендер санының күрт төмендеуіне қарамастан Хасина Шайһ Уазед басқарған Авами лиг партиясы сайлауда төртінші рет қатар жеңіске жетті.
- 8 қаңтар – Эквадордағы қарулы қақтығыс: Лос Чонерос атты картель басшысы Хосе Масиас Вильямар түрмеден қашып кетті. Эквадор президенті Даниэль Нобоа елде төтенше жағдай жариялады. Көшелерге, түрмелерге әскерилер жіберілді.[8]
- 11 қаңтар
- Папуа — Жаңа Гвинеяда есептеу кезінде болған болжалды қателік нәтижесінде полицейлер мен сарбаздардың жалақысы берілмей қалды, елде ереуіл басталды.
- АҚШ хуситтер қозғалысына тауар тасымалдап жатқан ирандық дауды басып, кейін батады. Операция нәтижесінде кеменің бүкіл экипажы ұсталған, екі SEAL теңізде жоғалған.
- 12 қаңтар – Өркендеу күзетшісі операциясы: Хуситтердің Қызыл теңіздегі кемелерге шабуылына жауап ретінде АҚШ бастаған коалиция хуситтердің Йемендегі базаларына әуе шабуылын ұйымдастырды.[9]
- 13 қаңтар – Тайваньда президент сайлауы өтті. Демократиялық ілгерішіл партияның үміткері Лай Циндэ жалпы дауыстың 40% жинады да, жеңіске жетті.
- 14 қаңтар
- Таққа отырғанына 52 жыл болған күні Дания патшайымы II Маргрете тақтан бас тартты, оның орнына таққа кронпринц Фредерик отырып, ол X Фредерик атанды.[10][10]
- 2024 жылғы Комор аралдарындағы президент сайлауы: халықтың тек 16.3% қатысқан сайлау нәтижесінде халық наразылығына қарамастан президент Азали Ассумани 62.9% дауыспен қайта сайланды.[11]
- 15 қаңтар Бернардо Аревалоның Гватемала президенті болып ұлықтауы.[12]
- 19 қаңтар – Жапония SLIM миссиясының көмегімен Айға баяу қондыру жасаған бесінші ел болды.
- 19 қаңтар - Kaspi bank американдық NASDAQ биржасында компания 11 миллионнан астам акция сатты және 1 миллиард доллардан астам қаражат жинады.
- 22 қаңтар – Джозеф Бокайдың Либерия президенті болып ұлықтауы.
- 24 қаңтар – Белгород облысындағы Ил-76 апаты: ресейлік Ил-76 әскери транспорт ұшағы Короча ауданында құлады. Ресей мәліметінше ішінде болған барлық адам, соның ішінде 65 украиналық әскери тұтқын, экипаждың 6 мүшесі және 3 күзетші, қайтыс болды.[13]
- 26 қаңтар
- Израиль−Хамас соғысы: БҰҰ Халықаралық әділет соты Израильдің Газадағы геноцидтік әрекетіне жол бермегенін және палестиналықтарға қауіпсіздік бергенін талап етті, алайда әскери операцияның тоқтатылуын талап еткен жоқ.[14]
- Тувалуда жалпы сайлау өтті.[15]
- 28 қаңтар – Финляндиядағы президент сайлауының 1-айналымы өтті.
- 31 қаңтар – Джохор сұлтаны Ибраһим Исмаил Малайзияның 17-Янг ди-Пертуан Агонг тағына отырды.
Ақпан өңдеу
- 4 ақпан
- Намибия президенті Хаге Гейнгоб қайтыс болды; орнын вице-президент Нанголо Мбумба алды.[16]
- Сальвадорда жалпы сайлау өтті.
- 7 ақпан – Әзербайжандағы президент сайлауы: Оппозицияның наразылығына қарамастан, президент Ильхам Әлиев бесінші рет қайта сайланды.[17][18]
- 8 ақпан – Пәкістанда жалпы сайлау өтті. Нәтижесінде Ұлттық ассамблея мандаттарының көбісін Партиясыз саясаткерлер жеңіп алды. Партиясыздардың көбі тыйым салынған Әділет үшін қозғалыстың бұрынғы мүшелері болған.
- 11 ақпан – 2024 жылғы Финляндиядағы президент сайлауы: Екінші айналым нәтижесінде президент болып Александр Стубб сайланды.
- 14 ақпан – 2024 жылғы Индонезиядағы жалпы сайлау: Үкіметтік табуляторлардың ресми жылдам санауы бұрынғы әскери офицер Прабово Субиантоны наурыз айында шығарылатын түпкілікті нәтижелерге дейін президенттік сайлаудың жеңімпазы деп таныды.
- 16 ақпан – Харптағы түрмеде ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды.
- 22 ақпан – америкалық Intuitive Machines компаниясының Nova-C қонушысы Айға қонған алғашқы коммерциялық көлік болды.
- 23 ақпан – Армения өзінің ҰҚШҰ-дағы мүшелігін де-факто уақытша тоқтатты.
- 25 ақпан – Беларусьтегі парламент сайлауы нәтижесінде биліктегі Белая Русь партиясы мандаттың көпшілігіне ие болды.
Наурыз өңдеу
- 1 наурыз
- Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5:00) көшті.[19]
- Иранда парламент сайлауы өтті.
- 7 наурыз – Швеция ресми түрде НАТО құрамына енді де, оның 32-мүшесі болды.[20][21]
- 11 наурыз – Гаити президенті және премьер-министрі Ариэль Анри елдегі қылмыскер топтарының өзара соғысы деп сипатталатын дағдарыс жағдайында екі лауазымнан да отставкаға кететінін хабарлады.[22]
- 13 наурыз – Еуропа Одағы «Одақтың жасанды зият жайлы регламенті» атты жасанды зиятқа арналған әлемдегі алғашқы толық құқықтық және реттеуші заңды қабылдады.[23]
- 15–17 наурыз – Ресейде сегізінші президент сайлануы жүрді. Нәтижесінде Владимир Путин бесінші рет қайта сайланды.[24]
- 22 наурыз – Ресейдің Красногорск қаласындағы Crocus City Hall залында Ислам мемлекеті ұйымына қатысы бар қарулы адамдар концертке келушілерге шабуыл жасап, кем дегенде 137 адамды өлтіріп, 182 адамды жаралады.
- 25 наурыз – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Газада «тез арада атысты тоқтатуды» және барлық кепілге алынғандарды дереу және сөзсіз босатуды талап ететін қарар қабылдады.
- 31 наурыз – Болгария мен Румыния теңіз және әуе жолдары арқылы Шенген аймағының құрамына кірді.[25]
Сәуір өңдеу
- 1 сәуір – Израиль Иранның Дамасктағы елшілігіне шабуыл жасайды да, нәтижесінде 16 адам қаза тапты.
- 6 сәуір – Словакиядағы президент сайлауы нәтижесінде Словакия президенті болып Петер Пеллегрини сайланды.
- 10 сәуір – Оңтүстік Кореядағы парламент сайлауы: Демократиялық партия мен Демократиялық альянс 176 мандат жеңіп алды. Қызметтегі президент Юн Сөк Йөлге байланысы бар Халық күші мен Халықтық болашақ партиясы тек 108 мандатқа ғана ие болды.[26]
- 10 сәуір – Айдың басында орын алған Израильдің Дамаскідегі Иран елшілігін бомбалауынан кейін Иран Израильге жауап соққыларын бастады.
- 25 сәуір – Гаити президентінің міндетін атқарушы және премьер-министр Ариэль Анри отставкасынан кейін өтпелі президенттік кеңес Гаити мемлекетінің жаңа басшысы ретінде билікті өз қолына алды.
Мамыр өңдеу
- 5 мамыр – Панамадағы жалпы сайлау нәтижесінде президент болып Хозе Рауль Мулино сайланды.
- 7–11 мамыр – Швецияның Мальмё қаласында Eurovision ән байқауы 2024 өтті. Нәтижесінде швейцариялық Nemo рэпері «The Code» әнімен жеңіске жетті.[27]
- 10 мамыр – БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестина мемлекетіне алфавиттік тәртіппен мүше мемлекеттердің арасында тұру құқығын беру үшін дауыс берді. Бұл БҰҰ Бас Ассамблеясының 2024 жылғы 10 қыркүйекте өтетін келесі сессиясында күшіне енеді.[28]
- 13 мамыр – Бишімбаев ісі нәтижесінде Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды.[29]
- 14 мамыр – Құлсарыда сол жылғы су тасқыны үшін өтемақыға қарсылар наразылық шараларын бастады.
- 15 мамыр – Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды.[30]
- 19 мамыр
- Әзербайжан-Иран шекарасына жақын жерде тікұшақ апатқа ұшырап, Иран президенті Ибраһим Раиси мен Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдоллахиян, тағы жеті жолаушы мен экипаж қаза тапты.
- Кейбір болжамдар бойынша Кристиан Маланга басқарған Конго Демократиялық Республикасындағы мемлекеттік төңкеріс әрекеті Киншасадағы толқуларға әкелді.[31] Үкімет сарбаздары тез арада араласып, төңкеріс басшыларын тұтқындап, тыныштық орнатты.[32][33]
- 20 мамыр – Халықаралық қылмыстық соттың бас прокуроры Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Газадағы Хамас жетекшісін әскери қылмыс жасады деген айыппен қамауға алуға ордер беруді сұрады.
- 24 мамыр
- БҰҰ-ның халықаралық соты Израильдің Газа секторының оңтүстігіндегі Рафақтағы әскери шабуылын тоқтатқанын талап етті.[34]
- Папуа — Жаңа Гвинеядағы ірі көшкін кесірінен 2,000 астам адам көз жұмды.[35]
- 26 мамыр – 2024 жылғы Литва президентін сайлау: қызметте болған президент Гитанас Науседа қайта сайланды.
- 29 мамыр – Оңтүстік Африка Республикасындағы жалпы сайлау: Оңтүстік Африка Республикасының демократиялық тарихында Африкалық ұлттық конгресс тұңғыш рет дауыстың көпшілігіне ие болды.[36]
- 30 мамыр – АҚШ бұрынғы президенті Дональд Трамп порно актриса Сторми Дэниэлске берген параға және басқа да айыптарға қатысты сот процесінде 34 тармақ бойынша кінәлі деп танылды. Ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.[37][38]
Маусым өңдеу
- 1 маусым
- 19 сәуірде басталған Үндістандағы жалпы сайлау аяқталды.[39]
- Исландиядағы президент сайлауы орын алды, нәтижесінде Хадла Тоумасдоуттир президент болды.
- 2 маусым – Мексикадағы жалпы сайлау нәтижесінде Клаудия Шейнбаум Мексиканың тұңғыш әйел президенті болды.[40]
Болжамды және жоспарланған оқиғалар өңдеу
- 6–9 маусым – Еуропалық парламент сайлауы.
- 19 маусым – Бельгиядағы федералды сайлау.
- 22 маусым – Мавританиядағы президент сайлауы.
- 4 шілде – Ұлыбританиядағы парламент сайлауы.[41]
- 15–16 шілде – Руандадағы жалпы сайлау.
- 26 шілде–11 тамыз – Париж, Францияда 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары орын алады.
- 17 тамыз – Индонезияның астанасы Джакартадан Нусантараға көшеді.
- 13 қазан – Литвадағы парламент сайлауы.
- 27 қазан – Парагвайдағы жалпы сайлау.
- 5 қараша – Америка Құрама Штаттарындағы президент сайлауы.
- 12 қараша – Палау Республикасындағы жалпы сайлау.
- 7 желтоқсан – Ганадағы жалпы сайлау.
Күні белгісіз өңдеу
- Маусым – Шри-Ланкадағы президент сайлауы.
- Күз – Молдовадағы президент сайлауы.
- Қазан
- Қараша
- Румыниядағы президент сайлауы.
- Сингапур премьер-министрі Ли Сянь Луң отставкаға кетіп, өз өкілеттігін орынбасары Лоуренс Уоңға береді.
- Желтоқсан
Туғандар өңдеу
- Тағы қараңыз: Санат:2024 жылы туғандар
Қайтыс болғандар өңдеу
- Тағы қараңыз: Санат:2024 жылы қайтыс болғандар
Тағы қараңыз өңдеу
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: 2024 |
Дереккөздер өңдеу
- ↑ БРИКС-ке бес мемлекет қосылды (қаз.). kaz.zakon.kz (1 қаңтар 2024). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ Ebel, Francesca Defeated by force, Nagorno-Karabakh government declares it will dissolve (ағыл.). The Washington Post (28 September 2023). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ M 7.5 - 42 km NE of Anamizu, Japan (ағыл.). АҚШ геологиялық қызметі (1 January 2024). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ Ethiopia signs pact to use Somaliland's Red Sea port (ағыл.). Reuters (1 January 2024). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ Hilda Heine sworn in as President of the Marshall Islands (ағыл.). rnz.co.nz (2 January 2024). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ Iran revises down death toll from Kerman attacks to 84 (ағыл.). xinhua.net (4 January 2024). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ IS claims responsibility for deadly Iran bombings that killed 84 (ағыл.). BBC News (4 January 2024). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ Ecuador declares state of emergency amid prison chaos (ағыл.). Reuters (9 January 2024). Тексерілді, 22 қаңтар 2024.
- ↑ Horton, Alex, Lamothe, Dan, Ryan, Missy, Hauslohner, Abigail U.S.-led coalition strikes Iran-aligned Houthi militants in Yemen (ағыл.). The Washington Post (11 January 2024).
- ↑ a b Queen Margrethe II: Danish monarch announces abdication live on TV (ағыл.). BBC News (31 December 2023). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ Unrest grips Comoros as opposition rejects president's re-election (ағыл.). France 24 (17 January 2024). Тексерілді, 22 қаңтар 2024.
- ↑ Progressive Arévalo is ‘virtual winner’ of Guatemala election after corruption angered voters (ағыл.). AP News (20 August 2023). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ Ragozhina, Nadia No survivors on plane Russia says was carrying 65 Ukrainian PoWs (ағыл.). BBC News (24 January 2024). Тексерілді, 26 қаңтар 2024.
- ↑ Суд ООН потребовал от Израиля принять меры для защиты палестинцев в Газе (орыс.). интерфакс (26 января 2024). Тексерілді, 26 қаңтар 2024.
- ↑ Voting begins in tiny Tuvalu in election that reverberates from China to Australia (ағыл.). npr (25 January 2024). Тексерілді, 26 қаңтар 2024.
- ↑ Hage Geingob, Namibia’s president, dies aged 82 after cancer treatment (ағыл.). The Guardian (4 February 2024). Тексерілді, 5 ақпан 2024.
- ↑ Кучера, Джошуа Қарабақты қайтарған Әзербайжанда президентті сайлау науқаны қалай өтіп жатыр? (қаз.). Азаттық радиосы (2 ақпан 2024). Тексерілді, 8 ақпан 2024.
- ↑ Сұлтанова, Аида Preliminary results show Azerbaijan’s president wins re-election, as expected (ағыл.). Associated Press (7 February 2024). Тексерілді, 8 ақпан 2024.
- ↑ Бүгін түнде сағат тілі ауысады: қазақстандықтар не істеуі керек (қаз.). SPUTNIK (29 ақпан 2024). Тексерілді, 29 ақпан 2024.
- ↑ Sweden officially joins NATO (ағыл.). НАТО (7 March 2024). Тексерілді, 7 наурыз 2024.
- ↑ Sweden finally joins Nato after nearly two-year wait (ағыл.). The Guardian (7 March 2024). Тексерілді, 7 наурыз 2024.
- ↑ Grant, Will; Gregory, James және Armstrong, Kathryn Haiti's prime minister Ariel Henry resigns as law and order collapses (ағыл.). BBC News (11 March 2024). Тексерілді, 7 наурыз 2024.
- ↑ Gilchrist, Karen World’s first major act to regulate AI passed by European lawmakers (ағыл.). CNBC (13 March 2024). Тексерілді, 7 наурыз 2024.
- ↑ Путин бесінші рет Ресей президенті болып қайта сайланды (қаз.). КазТАГ (18 наурыз 2024). Тексерілді, 29 наурыз 2024.
- ↑ Romania and Bulgaria to join Schengen border-free zone by air and sea (ағыл.). BBC News (28 December 2023). Тексерілді, 7 қаңтар 2024.
- ↑ South Korea’s 2024 General Election: Results and Implications (ағыл.). CSIS. Тексерілді, 29 наурыз 2024.
- ↑ Eurovision: Switzerland wins 2024 song contest (ағыл.). Неміс толқыны (5 November 2024). Тексерілді, 13 мамыр 2024.
- ↑ UN general assembly calls on Security Council to admit Palestine as member (ағыл.). BBC News (10 May 2024). Тексерілді, 13 мамыр 2024.
- ↑ Сот Бишімбаевты 24 жылға, Байжановты 4 жылға түрме жазасына кесті (қаз.). Азаттық радиосы (13 мамыр 2024). Тексерілді, 13 мамыр 2024.
- ↑ Тоқаев Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға жасалынған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді (қаз.). kz.kursiv.media (15 мамыр 2024). Тексерілді, 20 мамыр 2024.
- ↑ Three reported killed as DR Congo military averts ‘attempted coup’ (ағыл.). Әл Жазира теларнасы (19 May 2024). Тексерілді, 20 мамыр 2024.
- ↑ Shooting in Kinshasa is a failed coup d'état, says Congolese army (ағыл.). Le Monde (19 May 2024). Тексерілді, 20 мамыр 2024.
- ↑ Shooting in Kinshasa is a failed coup d'état, says Congolese army (ағыл.). voaafrica.com (19 May 2024). Тексерілді, 20 мамыр 2024.
- ↑ Аянова, Айнель БҰҰ Израильді Рафақтағы атысты тоқтатуға міндеттеді (қаз.). qaz.ulysmedia.kz (24 мамыр 2024). Тексерілді, 3 маусым 2024.
- ↑ Папуа-Жаңа Гвинея "2 мыңнан астам адам қаза тапқан" көшкінге байланысты әлем елдерінен көмек сұрады (қаз.). kaz.nur.kz (27 мамыр 2024). Тексерілді, 3 маусым 2024.
- ↑ Chothia, Farouk ANC facing worst result since end of apartheid (ағыл.). BBC News (3 June 2024). Тексерілді, 3 маусым 2024.
- ↑ Алқабилер "Дональд Трамп – кінәлі" деп ұйғарды (қаз.). Азаттық радиосы (31 мамыр 2024). Тексерілді, 3 маусым 2024.
- ↑ Төленді, Ақниет Тарихи процесс: АҚШ алқабилер соты Дональд Трампты кінәлі деп таныды (қаз.). kz.kursiv.media (31 мамыр 2024). Тексерілді, 3 маусым 2024.
- ↑ Үндістанда парламенттік сайлау өтеді (қаз.). kaz.inform.kz (17 наурыз 2024). Тексерілді, 3 маусым 2024.
- ↑ Мексикадағы сайлауда Клаудия Шейнбаум алға шықты (қаз.). Азаттық радиосы (3 маусым 2024). Тексерілді, 3 маусым 2024.
- ↑ Rishi Sunak announces 4 July general election (ағыл.). BBC News (22 May 2024). Тексерілді, 3 маусым 2024.
2024 жылға арналған күнтізбе | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қаңтар
|
Ақпан
|
Наурыз
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сәуір
|
Мамыр
|
Маусым
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шілде
|
Тамыз
|
Қыркүйек
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қазан
|
Қараша
|
Желтоқсан
|
Бұл — жыл туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |