Амазон өзені

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Амазонка бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Амазон
Amazonas
Сипаттамасы
Ұзындығы 6400/7100 км
Су алабының
ауданы
7180000 км²
Су алабы Атлант мұхиты
Су шығыны 220000 м³/с (сағасы)
Су ағысы
Бастауы Мараньон мен Укаяли қосылысы
 • Биіктігі 110 м
 • Координаттары 15°31′05″ о. е. 71°45′55″ б. б. / 15.51806° о. е. 71.76528° б. б. / -15.51806; -71.76528 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Атлант мұхиты
 • Биіктігі 0 м
 • Координаттары 0°42′28″ с. е. 50°05′22″ б. б. / 0.70778° с. е. 50.08944° б. б. / 0.70778; -50.08944 (G) (O) (Я)Координаттар: 0°42′28″ с. е. 50°05′22″ б. б. / 0.70778° с. е. 50.08944° б. б. / 0.70778; -50.08944 (G) (O) (Я) (T)
Еңістігі 0,016 м/км
Орналасуы
Амазон бассейні
Амазон бассейні
Ел  Перу
 Колумбия
 Бразилия
Ортаққордағы санаты: Амазон

Амазон (ис. Amazonas, порт. Amazonas) — Оңтүстік Америка құрлығында орналасқан, дүние жүзіндегі ең ірі өзен.

Өзеннің сағасын 1500 ж. испан теңізшісі В.Я. Пинсон ашқан. Өзен арнасымен 1541 ж. алғаш рет испан конкистадоры Ф. де Орельяк саяхат жасаған. Жергілікті тұрғындар оны Парана-Тинга (Ақ өзен) және Парана-Туасу (Ұлы өзен) деп атайды.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алабының ауданы 7,2 млн. м², ұзындығы Укаяли бастауынан есептегенде 7000 км-ден асады. Амазонның негізгі ағысы экватор мен 5˚ оңт. ендік аралығында, яғни біркелкі әрі аса ылғалданған аймақта (жауын-шашынның жылдық мөлшері 1500—3000 мм) жатыр. Анд тауынан өткен соң, өзен Амазон ойпатына шығып, оң жақтан келген Укаяли өз-мен қосылып Ұлы Амазон өзені басталады. Ол батпақтанған жазықпен, ылғалды экваторлы ормандардың арасымен ағады. Мұхиттан 350 км қашықтықта әлемдегі ең үлкен атырау түзеді (аумағы шамамен 100 000 км²). Өзенге көптеген салалар құяды, олардың 20-ға жуығының ұзындығы 1500—3500 км болады. Укаяли мен Мараньон өзендері қосылған соң, оның арнасының ені 2 км, орта ағысында 5 км, құйылысында 80—150 км-ге жетеді; суының тереңдігі орта ағысында 70 м, Обидус қаласы тұсында 135 м-ге, ал құйылысында 15—45 м-ге дейін барады.

Ерекшеліктер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Амазонның салалары бір-бірінен тек мөлшерімен мен сулылығы жөнінен ғана емес, суларының түсімен де ерекшеленеді. Өзеннің гидрологиялық тәртібі өте күрделі әрі ерекше келеді. Алаптары екі жарты шарда орналасқандықтан, жылдың түрлі мезгілдерінде жауын-шашынның аз не көп жаууына байланысты әр түрлі тасқындар болып тұрады. Оңтүстік салалары сулылығының молдығымен ерекшеленеді, сондықтан мамыр, шілде айларында Амазонның ең жоғары деңгейі байқалады. Орташа су шығыны 175 000 м³/с, ал орташа жылдық ағындысының көлемі 5520 км³ шамасында. Әлемдегі өзендердің жалпы жылдық ағындысының 15—17 %-і осы өзеннің үлесіне тиеді. Амазонның өсімдік және жануарлар әлемі өте бай. Балықтардың 2000-ға жуық түрі бар (жер шарының жалпы тұщы су фаунасының ⅓ бөлігі). Өзеннің басты арнасы құйылысынан 4300 км-ге дейін (Понго де Мансериче шатқалына дейін) кеме жүзетін болса, құйылысынан 1690 км қашықтыққа (Манаус қаласынына) дейін үлкен мұхит кемелері жүзе алады. Амазонның энергетикалық мүмкіндігі өте мол (қуаты 280 млн кВт шамасында бағаланады), бірақ ол пайдаланылмайды.

Серіктен түсірілген Амазон аузының оңтүстікке қараған суреті Амазон өзеніндегі арал NASA серігі түсірген өзен бөлігі.