Ұлттық қауіпсіздік қалқаны медалі: Нұсқалар арасындағы айырмашылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Content deleted Content added
92-жол: 92-жол:
==== II дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі ====
==== II дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі ====
[[Сурет:Med KNB 15let.jpg|thumb|right|130px|2011 жылғы медалдің үлгісі]]
[[Сурет:Med KNB 15let.jpg|thumb|right|130px|2011 жылғы медалдің үлгісі]]
Медаль диаметрі 34 мм шеңбер пішінді күміс түсті металдан жасалған. Медалдың алдыңғы жағында ортасында көлемді шығыңқы ернеуі бар күміс түсті ұлттық дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында күміс түсті шаңырақтың стильдендірілген бейнесі бар. Қалқанда шаңырақтың аясында жан-жағына сергек қарап отырған күміс түстес қыранның (мемлекет сақшысының нышаны) көлемді бейнесі бейнеленген. Қалқанның шығыңқы ернеулерінің арасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУЫПСЫЗДЫҚ КОМИТЕТТЕРІ» деген жазу жазылған. Медалдың шетінде қаусырмалы таспалармен лавр және емен бұтақтарынан қабатталған гүлдесте бар. Гүлдестенің төменгі жағында «XV» рим цифры бар қалқанша орналасқан. Медальдың бедері жылтыр келеді.
Медаль диаметрі 34 мм шеңбер пішінді күміс түсті металдан жасалған. Медалдың алдыңғы жағында ортасында көлемді шығыңқы ернеуі бар күміс түсті ұлттық дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында күміс түсті шаңырақтың стильдендірілген бейнесі бар. Қалқанда шаңырақтың аясында жан-жағына сергек қарап отырған күміс түстес қыранның (мемлекет сақшысының нышаны) көлемді бейнесі бейнеленген. Қалқанның шығыңқы ернеулерінің арасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген жазу жазылған. Медалдың шетінде қаусырмалы таспалармен лавр және емен бұтақтарынан қабатталған гүлдесте бар. Гүлдестенің төменгі жағында «XV» рим цифры бар қалқанша орналасқан. Медальдың бедері жылтыр келеді.


Медалдің артқы жағында, ортасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ» деген жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «II» рим цифры жазылған.
Медалдің артқы жағында, ортасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ» деген жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «II» рим цифры жазылған.
104-жол: 104-жол:
==== III дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі ====
==== III дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі ====
[[Сурет:Med KNB 10let.jpg|thumb|right|130px|2011 жылғы медалдің үлгісі]]
[[Сурет:Med KNB 10let.jpg|thumb|right|130px|2011 жылғы медалдің үлгісі]]
Медал диаметрі 34 мм шеңбер пішінді көне қоламен жалатылған жезден жасалған. Медалдың алдыңғы жағында ортасында көлемді шығыңқы ернеуі бар ұлттық дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында қола түсті шаңырақтың стильдендірілген бейнесі бар. Қалқанда шаңырақтың аясында жан-жағына сергек қарап отырған қола түстес қыранның (мемлекет сақшысының нышаны) көлемді бейнесі бейнеленген. Қалқанның шығыңқы ернеулерінің арасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУЫПСЫЗДЫҚ КОМИТЕТТЕРІ» деген жазу жазылған. Медалдың шетінде қаусырмалы таспалармен лавр және емен бұтақтарынан қабатталған гүлдесте бар. Гүлдестенің төменгі жағында «Х» рим цифры бар қалқанша орналасқан. Медалдың бедері жылтыр келеді.
Медал диаметрі 34 мм шеңбер пішінді көне қоламен жалатылған жезден жасалған. Медалдың алдыңғы жағында ортасында көлемді шығыңқы ернеуі бар ұлттық дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында қола түсті шаңырақтың стильдендірілген бейнесі бар. Қалқанда шаңырақтың аясында жан-жағына сергек қарап отырған қола түстес қыранның (мемлекет сақшысының нышаны) көлемді бейнесі бейнеленген. Қалқанның шығыңқы ернеулерінің арасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген жазу жазылған. Медалдың шетінде қаусырмалы таспалармен лавр және емен бұтақтарынан қабатталған гүлдесте бар. Гүлдестенің төменгі жағында «Х» рим цифры бар қалқанша орналасқан. Медалдың бедері жылтыр келеді.


Медалдің артқы жағында, ортасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ» деген жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «II» рим цифры жазылған.
Медалдің артқы жағында, ортасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ» деген жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «II» рим цифры жазылған.

13:41, 2024 ж. мамырдың 14 кезіндегі нұсқа

«Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі
I дәрежелі
II дәрежелі
III дәрежелі
Мемлекет  Қазақстан
Түрі Медаль
Жағдайы беріледі
Негізделді 30 қыркүйек 2011 жыл

«Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мекемелік марапаты.

Тарихы

Медаль Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін жекелеген мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың мекемелік марапаттары туралы» Жарлығымен негізделді. Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасының министрліктері мен мекемелері үшін бұрын болған мекемелік ынталандыру құрылымына өзгерістер енгізілді. Кейбір ынталандыру түрлері жойылды, өзгертілді немесе керісінше - құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 Жарлығымен медаль сипаттамасына өзгерістер енгізілді.

Медальдар Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалады.

Ережесі

Медальмен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері, яғни Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органда әскери қызмет атқарып, Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесін, ұлттық қауіпсіздікті, қызметтік міндеттерін адал орындауды, мінсіз әскери тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жедел-қызметтік қызметте оң нәтижелерге қол жеткізгені үшін марапатталады.

«Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі үш дәрежеден тұрады:

  • 1-дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі — Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы 20 жыл қызметі үшін марапаттауға;
  • 2-дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі — Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы 15 жыл қызметі үшін марапаттауға;
  • 3-дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі — Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы 10 жыл қызметі үшін марапаттауға;

Сипаттамасы

2011-2012 жылдары

I дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі

2011 жылғы медалдің үлгісі

Медаль диаметрі 34 мм шеңбер пішінді жезден жасалған. Медалдың бет жағында ортада, қызыл өрісі бар (Ұлттық қауіпсіздік комитетінің елтаңбасының түсі) көлемді шығыңқы ернеуімен ұлттық дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында көктікен түсті алқап орныққан шаңырақтың стильдендірілген бейнесі (Ұлттық қауіпсіздік комитеті туының түсі) көрсетілген. Қалқанда шаңырақтың аясында жан-жағына сергек қарап отырған алтын түстес қыранның (мемлекет сақшысының нышаны) көлемді бейнесі бейнеленген. Қалқанның шығыңқы ернеулерінің арасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген жазу жазылған. Медалдың шетінде қаусырмалы таспалармен лавр және емен бұтақтарынан қабатталған гүлдесте бар. Гүлдестенің төменгі жағында «XX» рим цифры бар қалқанша орналасқан. Медалдың бедері жылтыр келеді.

Медалдің артқы жағында, ортасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ» деген жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «I» рим цифры жазылған.

Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы келеді. Медалдың шеттері ернеумен жиектелген.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 50х33 мм көктікен түсті жібек қатқыл таспамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның шетінде ені 3 мм қызыл жолақтар орналасқан, таспаның ортасында ені 2 мм сары жолақша орналасқан. Жолақшалардың аралығы 12,5 мм.

Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады.

II дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі

2011 жылғы медалдің үлгісі

Медаль диаметрі 34 мм шеңбер пішінді күміс түсті металдан жасалған. Медалдың алдыңғы жағында ортасында көлемді шығыңқы ернеуі бар күміс түсті ұлттық дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында күміс түсті шаңырақтың стильдендірілген бейнесі бар. Қалқанда шаңырақтың аясында жан-жағына сергек қарап отырған күміс түстес қыранның (мемлекет сақшысының нышаны) көлемді бейнесі бейнеленген. Қалқанның шығыңқы ернеулерінің арасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген жазу жазылған. Медалдың шетінде қаусырмалы таспалармен лавр және емен бұтақтарынан қабатталған гүлдесте бар. Гүлдестенің төменгі жағында «XV» рим цифры бар қалқанша орналасқан. Медальдың бедері жылтыр келеді.

Медалдің артқы жағында, ортасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ» деген жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «II» рим цифры жазылған.

Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы келеді. Медалдың шеттері ернеумен жиектелген.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 50х33 мм көктікен түсті жібек қатқыл таспамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның шетінде ені 3 мм қызыл жолақтар, таспаның ортасында 3 мм аралықпен ені 2 мм екі сары жолақ бар. Қызыл және сары жолақтар аралығы 10 мм.

Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады.

III дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі

2011 жылғы медалдің үлгісі

Медал диаметрі 34 мм шеңбер пішінді көне қоламен жалатылған жезден жасалған. Медалдың алдыңғы жағында ортасында көлемді шығыңқы ернеуі бар ұлттық дөңгелек қалқан орналасқан. Қалқанның ортасында қола түсті шаңырақтың стильдендірілген бейнесі бар. Қалқанда шаңырақтың аясында жан-жағына сергек қарап отырған қола түстес қыранның (мемлекет сақшысының нышаны) көлемді бейнесі бейнеленген. Қалқанның шығыңқы ернеулерінің арасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген жазу жазылған. Медалдың шетінде қаусырмалы таспалармен лавр және емен бұтақтарынан қабатталған гүлдесте бар. Гүлдестенің төменгі жағында «Х» рим цифры бар қалқанша орналасқан. Медалдың бедері жылтыр келеді.

Медалдің артқы жағында, ортасында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ» деген жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «II» рим цифры жазылған.

Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы келеді. Медалдың шеттері ернеумен жиектелген.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 50х33 мм көктікен түсті жібек қатқыл таспамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның шетінде ені 3 мм қызыл жолақтар, таспаның ортасында 1 мм аралықпен ені 2 мм үш сары жолақ бар. Қызыл және сары жолақтар аралығы 9,5 мм.

Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады.

2012 жылдан бастап

I дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі

I дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі диаметрі 34 мм алтын (сары) түсті металл шеңберден тұрады. Медалді айналдыра биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеуі бар. Медалдің бет жағында ортада, айналдыра көктікен (көк) түсті эмаль құйылған диаметрі 20 мм дөңгелек қалқан тәрізді ұлттық қауіпсіздік органдарының кіші эмблемасы орналасқан оның ортасында диаметрі 14 мм, көгілдір (көк) эмаль құйылған алтын (сары) түсті шаңырақтың бейнесі орналасқан. Қалқанды бойлай «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген мемлекеттік тілдегі жазу жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған. Медаль бетінің бедері жылтыр келеді. Медальдің, кіші эмблемасының сол және оң жағында лавр бұтақтарымен қабатталған гүлдесте орналасқан. Гүлдестенің үстіңгі бөлігінде жеті ұшты жұлдыз бейнеленген. Гүлдестенің төменгі бөлігінде «XX» рим цифры бар таспа орналасқан. Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы, алтын (сары) түсті.

Медалдің артқы жағында күңгірт алтын (сары) түсті бет жағы жылтыр «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «І» рим цифры орналасқан.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 44 х 32 мм көктікен түсті жібек қатқыл таспамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның шетінде ені 3 мм қызыл жолақтар орналасқан, таспаның ортасында ені 2 мм сары жолақша орналасқан. Жолақшалардың аралығы 12 мм.

Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы тағылады.

II дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі

II дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі диаметрі 34 мм күміс (сұр) түсті металл шеңберден тұрады. Медальді айналдыра биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеуі бар. Медальдің бет жағында ортада, айналдыра көктікен (көк) түсті эмаль құйылған диаметрі 20 мм дөңгелек қалқан тәрізді ұлттық қауіпсіздік органдарының кіші эмблемасы орналасқан, оның ортасында диаметрі 14 мм, көгілдір (көк) эмаль құйылған күміс (сұр) түсті шаңырақтың бейнесі орналасқан. Қалқанды бойлай «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген мемлекеттік тілдегі жазу жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған. Медал бетінің бедері жылтыр келеді. Медальдің кіші эмблемасының сол және оң жағында лавр бұтақтарымен қабатталған гүлдесте орналасқан. Гүлдестенің үстіңгі бөлігінде жеті ұшты жұлдыз бейнеленген. Гүлдестенің төменгі бөлігінде «XV» рим цифры бар таспа орналасқан. Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы, күміс (сұр) түсті.

Медалдің артқы жағында күңгірт күміс (сұр) түсті бет жағы жылтыр «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «II» рим цифры орналасқан.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 44 х 32 мм көктікен түсті жібек қатқыл таспамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның шетінде ені 3 мм қызыл жолақтар орналасқан, таспаның ортасында ені 2 мм 2 сары жолақша орналасқан. Сары жолақшалардың аралығы 2 мм.

Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш аркылы бекітіледі.

III дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі

III дәрежелі «Ұлттық қауіпсіздік қалқаны» медалі диаметрі 34 мм қола (қызғылт сары) түсті металл шеңберден тұрады. Медальді айналдыра биіктігі 1 мм және ені 1,5 мм шығыңқы ернеуі бар. Медалдің бет жағында ортада, айналдыра көктікен (көк) түсті эмаль құйылған диаметрі 20 мм дөңгелек қалқан тәрізді ұлттық қауіпсіздік органдарының кіші эмблемасы орналасқан, оның ортасында диаметрі 14 мм, көгілдір (көк) эмаль құйылған күміс (сұр) түсті шаңырақтың бейнесі орналасқан. Қалқанды бойлай «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген мемлекеттік тілдегі жазу жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған. Медал бетінің бедері жылтыр келеді. Медалдің кіші эмблемасының сол және оң жағында лавр бұтақтарымен қабатталған гүлдесте орналасқан. Гүлдестенің үстіңгі бөлігінде жеті ұшты жұлдыз бейнеленген. Гүлдестенің төменгі бөлігінде «X» рим цифры бар лента орналасқан. Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы, қола (қызғылт сары) түсті.

Медалдің артқы жағында күңгірт қола (қызғылт сары) түсті бет жағы жылтыр «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛҚАНЫ» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан. Мәтіннің үстінде «III» рим цифры орналасқан.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы көлемі 44 х 32 мм көктікен түсті жібек қатқыл таспамен тысталған алтыбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның шетінде ені 3 мм қызыл жолақтар орналасқан, таспаның ортасында ені 2 мм 3 сары жолақша орналасқан. Сары жолақшалардың аралығы 2 мм.

Медал киімге қалқалы бекітпесі бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

Дереккөздер