Немістер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigation Jump to search
Немістер
Famousgermans3.jpg
Бүкіл халықтың саны
140 000 000
Ең көп таралған аймақтар
 Германия 65 000 000
 АҚШ 47 901 779 (2010)
 Канада 3 179 425
 Бразилия 3 100 000
 Аустралия 742 212
 Аргентина 500 000
 Ресей 394 138
 Қазақстан 178 409
 Польша 152 897
 Чили 70 000
 Румыния 59 764
 Швеция 47 000
 Украина 33 302
 Чехия 18 658
 Беларусь 2474
 Әзірбайжан 1200
 Тәжікстан 446
Тілі

немісше

Діні

Протестантизм, Католицизм

Немістер (нем. Deutsche, өз атауы – дойче) — Германия Федеративтік Республикасының байырғы халқы. ГФР-да (80 млн-ға жуық, 2004), сондай-ақ АҚШ, Австрия, Африка, Азия елдерінде де тұрады. Жалпы саны 86 млн. адам (2004). Антропологиялық жағынан еуропоид нәсілінің атлант-балтық тобына жатады, орта еуропоид нәсілінің өкілдері де бар. Неміс тілінде сөйлейді.

Көне тарихы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арғы тегі – германдықтар. Немістер этносының негізін б.з. 1-мыңжылдығының ортасына қарай құрылған франк, сакс, бавар, алеман, тюринг, т.б. тайпалар одақтары қалаған. 843 ж. Франк империясы бөлшектенгеннен кейін, герман тілді Шығыс Франк корольдігі құрылды. Неміс тіліндегі өз атауы диутисце (кейінірек дойче) 10 ғ. ортасында белгілі болды.10 – 14 ғ-ларда неміс билеушілері шығысқа қарай жорықтар жасады да, славян және прусстайпаларын жаулап алып, өздерінің этникалық аумақтарын кеңейтті.Одан кейін ел бірнеше ғасыр саяси бытыраңқылыққа ұшырады.16 ғ-дың бас кезінде саксон(мейсен) диалектісі негізінде Немістердің әдеби тілі қалыптаса бастады. Саяси және діни қайшылықтардан кейін Немістер христиан дінінің католик және протестант (лютерандық ағым) тармақтарын қабылдап, діни жікке бөлінді.

18-20 ғасырдағы тарихы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

18 – 19 ғ-лардағы соғыстар, экон. күйзелістердің біраз бөлігін басқа елдерге қоныс аударуға мәжбүр етті. 1870 – 71 ж. Бисмарк барлық Неміс жерін біріктіргеннен кейін, елде өндірістік қатынастар дамыды. Немістердің ұлт болып топтасуы аяқталды. 1-дүниежүзілік соғыспен 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Немістер зор шығынға ұшырады. 1949 ж. Германияның бұрынғы жерінде саяси-әлеум. жүйесі бір-біріне қарама-қарсы екі мемлекет құрылды (қ. Германия). 1990 жылдан бастап ГФР өкіметі шет елдердегі (Балқан елдері, ТМД, т.б.) Немістердің тарихи отанына қайтуына жағдай туғызды. Дәстүрлі кәсіптері – егіншілік пен мал шаруашылығы балық аулаумен де айналысады. Ұлттық қолөнерінде ұсталық, зергерлік, көзешілік, ағашқа әр алуан бедер салу, кесте тігу дамыған. Табиғи-климаттық, ұлттық, шаруашылық жағдайларға байланысты тұрғын үйлердің төрт түрі қалыптасқан. Олар жергілікті жағдайларға сай кірпіштен, ағаштан, саз балшықтан, арасына ағаш тіреулер бекітіліп тұрғызылған.

Мәдениеті[өңдеу | қайнарын өңдеу]

16 – 17 ғ-ларда қалыптаса бастаған ұлттық киім үлгілерін 20 ғ-дың ортасына дейін сақтады. Ауыз әдебиетінде шванка (қысқаша күлдіргі әңгіме) айту кең орын алған. Көне замандардан келе жатқан аңыз-әңгімелер ертегі, балладалар сақталған. Ұлттық билері мен әндерінде көршілес халықтар шығармаларының ықпалы байқалады. Қазақстанда 1990 жылдарға дейін 1 млн-дай Немістер тұрды. Олар 2-дүниежүзілік соғыс басталғанда республикаға күштеп көшірілген болатын. Кейінгі жылдары көпшілігі тарихи отанына кетті. Қазіргі уақытта 300 мыңға жуығы қалды. Олардың ұлттық-мәдени орталық жұмыс істейді. Неміс тілінде газеті шығады.[1]

Әдебиет[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  • Народы мира. Историко-этнографический справочник, М., 1988;
  • Страны мира. Полный универсальный информационный справочник, М., 2004.

Сілтемелер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Қазақ Энциклопедиясы 7 том 2 бөлім