(Go: >> BACK << -|- >> HOME <<)

 
1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №46 (15608) 14 маусым, сейсенбі 2011
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы. Дайындайтын Елнұр Бақытқызы
14 маусым 2011
Ғалымдар ақ ойықты анықтады

Бұған дейiн ғылымда ғарышта қара ойықтың бар екенi белгiлi болса, ендi ғалымдар оған антипод ақ ойықты анықтапты. Қара ойық – ғарыштағы гравитациялық тартылысы күштi кеңiстiк аумағы. Ондағы тартылыстың күштiлiгi сонша, ешбiр нәрсе, тiптi сәуле бұл ойықтан шыға алмайды. Қара ойықтағы денелер үшiн ғарыштық жылдамдық жарық жылдамдығынан да жоғары болса, ол денелер ойықтан шыға алар едi. Алайда жарық жылдамдығынан асатын жылдамдықтың болуы мүмкiн емес. Қара ойықтан дене түгiл, жарықтың да шықпайтыны сондықтан.

Қара ойық қайда және неден пайда болатынына қатысты ғылымда түрлi болжам айтылған-ды. Ақыры ғалымдар қара ойық алып салмақты жұлдыз ядросының коллапсы нәтижесiнде пайда болады дескен. Жұлдыз қойнауында ядролық отын таусылмайынша, онда термоядролық реакциялар жүредi. Алайда уақыт өте келе ядролық отын таусылып, жұлдыз сығылады. Осыдан кейiн термоядролық реакция аяқталып, жұлдыз сөне бастайды. Қысқасы, қара ойық – бұл жұлдыздың соңғы эволюциясы. Қара ойықтан ешбiр дене шыға алмаса, ақ ойыққа керiсiнше, ештеңе ене алмайды. Егер бұрын ақ ойық теория жүзiнде ғана айтылып келсе, ендi ғалымдар оның шын мәнiнде ғарышта бар екенiне көз жеткiзген. Израильдiк астрофизиктер Алон Реттер мен Шломо Хеллер 2006 жылғы GRB 060614 гамма-жарқылы ақ ойықтың әсерiнен пайда болды деп есептейдi.
GRB 060614 Жерден 1,6 мил­лион жыл қашықтықтағы Үндiс шоқжұлдызында орналасқан. 2006 жылдың 14 маусымында жарқ еткен жарқыл ұзақ уақыт бойы жарық шығарып тұрған. Сондықтан астономдар жарқылдың нақты қайда пайда болғанын дәл анықтаған. Ғалымдар гамма-жарқылдың екi-ақ түрiн бiледi: ұзақ және қысқа. Сөйтсе, әлгi жарқыл осы екi түрiне де ұқсас болмай шыққан. Бұған дейiн ғалымдар ұзақ гамма-жарқылдар алып жұлдыздардың коллапсы нәтижесiнде туып, қара ойыққа айналады, ал қысқа гамма-жарқылдар екi нейтрон жұлдыз немесе нейтрон жұлдыздары мен қара ойықтың қосылуы нәтижесiнде туа­ды да, тағы да қара ойыққа айналады деп келген. Бiрақ бұл жол­ғы жарқыл бақандай 102 секундқа созылған. Әдетте мұндай ұзақ жар­қылдың арқасында жаңа материя пайда болуы тиiс. Алайда GRB 060614 нәтижесiнде ештеңе пайда болмаған. Ғалымдар осы кезде бәлкiм, жарқылдың нәтижесiнде қара ойық туған шығар дедi де қойды. Ал бiрақ бiраз уақыт өткен соң Реттер мен Хеллер мұның қыр-сырын ашыпты. Астрофизиктер қара ойықтан заттардың атқылап шығуы нәтижесiнде ақ ойық пайда болады деген қорытынды шығарды. Алайда сол қара ойық басқа уақыт өлшемiнде болуы тиiс. Сөйтiп, бос кеңiстiкте аймақ пайда болады. Сәлден соң осы аймақ жарылады да, оның бүкiл денелерi мен сәулелерi сыртқа атылады. Қара ойық өзiне бүкiл заттарды тартып алса, ақ ойық керiсiнше, бәрiн сырт­қа шығарады. Реттер мен Хеллер GRB 060614-тi ақ ойықтың кiшi жарылысы деген болжам айтты. Ғалымдар бос кеңiстiкте жоқ жерден пайда болған ақ ойық сол мезетте жарқылмен бiрге ыдырап кеткен дейдi. Бұл процесс Үлкен жарылыс (Big Bang) тәрiздi. Дәл осындай жарылыс нәтижесiнде бiздiң Ғалам пайда болған. Алайда жарылыс орнында ештеңе тумағандықтан, израильдiк астрофизиктер оны Кiшi жарылыс (Small Bang) деп атады.
Қайсыбiр болжамдарға қарағанда, ақ ойық – қара ойықтың терiс жағы. Ақ және қара ойықтар бұл туннельге кiрiп-шығатын есiктер. Туннельдiң бiр басы шаңсорғыш тәрiздi материяның барлық бөлшегiн өзiне тартып алады да, екiншi жағы оны сыртқа шығарады. Ойықтар Ғаламда бiр-бiрiнен алшақ жатқан бөлiктердi жалғастыруы мүмкiн. Кейбiр ғалымдар осы ойықтар арқылы миллиондаған жылдарға созылған қашықтықтарға немесе өзге уақыт өлшемiне оп-оңай өтуге болады деп есептейдi. Егер бұлай болатын болса, онда өркениетi бiзден көш iлгерi бөгдеғаламшарлықтар Ғаламда жүрiп-тұру үшiн осы туннельдердi пайдалануы мүмкiн деп пайымдауға болар.
1986 жылы американдық астроном Харрис гамма-жарқылдар антиматерияда қозғалып жүрген ғарыштық ұшу аппараттарының қозғалысы нәтижесiнде пайда болады деген болжам айтқан. Ұшу аппараты қозғалысқа қажеттi энергияны алған кезде осындай жар­қылдар шығарады дегендi алға тартқан. Харрис бiр бағытта жатқан гамма-жарқылдардың траекторияларын зерттеп, бұл бөгдеғаламшарлықтар кемесiнiң қозғалу траекториясы деп түйген.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті